Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов және қалалық мәслихат депутаттары аудандағы абаттандыру жұмыстарының барысын аралады.

Аудан әкімі және мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының жаттығу элементтерімен танысты.

Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, түрғындар игілігіне пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Назар» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жобаны 2021жылы қазан айының соңына аяқтау жоспарлануда.

Сонымен бірге, Қаратау ауданы аумағында бүгінгі күнге дейін 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылса, алдағы уақытта шамамен 15-ке жуық ауланы аббаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынатын болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.