Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Атап айтқанда, 15, 16, 17, 18, Күншығыс, Теріскей шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, қоқыс жәшіктері және шағынауданның ішкі орам жолдары, сонымен бірге жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды.

Аталған жұмыстарға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС және «Боракбаев» ЖК мекемелерінің 105 жұмысшысы, 5 – ГАЗ-53 самосвал, 5 трактор МТЗ жұмылдырылды.

Аудандағы орталық көшелер күн сайын, ал тұрғын үйлер аулалары аптасына 4 рет тазартылып тұрады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізіледі.

Осы орайда, қала тұрғындарының назарына! Қоқыс жиналған жерге қарағанда қоқыс шашылмаған жер таза болады. Аула тазалығына әрбіріміз жауапты екенімізді ұмытпасақ. Шымкент – ортақ үйіміз!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.