Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылғы Рамазан айындағы ораза кестесін жариялады. Ораза айы 6 мамырда басталатын болады.

«6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», – деп жазды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.