Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Жалын елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС тарапынан 550 электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 %-ы аяқталды.

Құрылыс жұмыстарын толығымен 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда. Жоба бойынша ұзындығы 25 шақырым электр желілері тартылып, 700 бағана орнатылады.

Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, Жалын елдімекеніндегі 1290 отбасы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.