Ресей астанасы Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі мәресіне жетіп, еліміздің спортшылары үш алтын медаль жеңіп алды. Бұл сында Шымкент қаласының спортшылары екі алтын жүлдені қоржынға салды.
- 68 келі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева финалда ресейлік Вера Ковалеваны жеңіп, алтын медаль иеленді. Айта кетелік, бұл Софьяның Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысы.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қайсар Алпысбай топ жарды. Ол 60 келі салмақтағы финалдық сында ресейлік Евгений Плахутиннен басым түсті.
Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!