Шымкенттегі «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 автобус пилоттық жоба ретінде кондукторсыз қызмет көрсетуде. Демек автобусқа мінген әрбір азамат өзі электронды түрде жолақысын төлейді. Оның бірнеше жолы бар: «Төлем» картасы, sms код және qr код арқылы жолақысын төлей алады.
Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алғандығын тексеріп отырады.
Пилоттық жобаның мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, жүргізушінің жалақысын көтеру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, жолақы төлемін автоматтандыру, жалпы алғанда қоғамдық көліктерде мәдениеттілікті қалыптастыру.
Бұл жүйе әлемде және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы секілді мегаполистерінде іске асқан.
Қала тұрғындарын бұл жаңа жүйеге түсіністікпен қарауға шақырамыз.