Шымкент қаласындағы төрт ауданда биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 118 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Оның ішінде 66 аула Президенттің «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында.
▶️Еңбекші ауданында 2011-2020 жылдар аралығында 373 аула абаттандырылған болса, биылғы жылы тұрғындардың ұсынысымен 41 көпқабатты үйдің аулаларын жаңарту, тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.
▶️Ал, 453 көпқабатты тұрғын үй, 258 аулаға біріктірілген Абай ауданында осы жылы 21 аула абаттандырылуда. 2022 жылы 10 ауланы, 15 балалар алаңшасын орнату жоспарлануда.
▶️Қаратау ауданында осы жылы 29 аула абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын қою жұмыстары жүргізіледі.
▶️Әл-Фараби ауданындағы 27 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, оның 9 аяқталды. Тұрғындар игілігіне берілген алаңдар Отырар шағын ауданындағы №11, 12, 13, 38 көпқабатты үй мен Әбдіразақов көшесіндегі №3, 9, 1, 2,15 үй, Байтұрсынов көшесіндегі №10, Жангелдин көшесіндегі № 8, 8А үй, және Қабанбай батыр көшесіндегі 11А мен 11Б үй ауласында орналасқан. Жыл соңына дейін бұл бағыттағы 18 аула пайдалануға беріледі.
Абаттандыру жұмысына балалар алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері кіреді. Алаңшалардағы ойын құрылғының барлығы Шымкент қаласында өндірілген.
❗Келесі маңызды іс-аулаларымыздың тазалығы мен күтімі. Таза аула мәдениетін қалыптастырумен ғана нағыз мегаполиске айналамыз.