Шымкент қаласындағы «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы жыл басынан бері 10 532 адамға анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетті.
Орталықтың негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету.
Қаладағы туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарып отыр. Ақпараттық киоскілерден бүгінге дейін АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея, Өзбекстан және т.б. шетелдік қонақтарға ақпараттық-консультация алған.
Туристік-ақпараттық орталығы келушілер санын арттыру және шаһардың туристік әлеуетін ілгерілету үшін жыл басынан бері бірқатар мекемелермен 20 меморандумға қол қойған.