Халықтың құқықтың сауатын тиісті деңгейде ашуға, лауазымды тұлғалар арасындағы ашықтық және билікпен кері байланысты орнатуда – ҚР Әділет министрлігі ауқымды іс-шаралар жасап келеді. Мемлекеттік органдардың жұмыс деңгейін, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, азаматтарға жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – Әділет органдарының басты міндетіне айналып, бұл – жауапкершілікпен жалғасуда. Әділ істің арты игі болмақ.
Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!
Халықтың құқықтың сауатын тиісті деңгейде ашуға, лауазымды тұлғалар арасындағы ашықтық және билікпен кері байланысты орнатуда – ҚР Әділет министрлігі ауқымды іс-шаралар жасап келеді. Мемлекеттік органдардың жұмыс деңгейін, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, азаматтарға жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – Әділет органдарының басты міндетіне айналып, бұл – жауапкершілікпен жалғасуда. Әділ істің арты игі болмақ.
Ел арасында заңгерлік салаға қатысты түрлі пікірлер қалыптасуда. Ал, нотариус пен адвакатураға жүгінудегі ақпараттық жүйе оң нәтижесін беруде. Және де ел арасындағы жеке сот орындаушылардың лицензияларына қатысты мәселіне де Әділет органдары қатаң бақылауға алды. Биылдың өзінде жүзден аса жеке сот орындаушыға тәртіптік шара қаралып, біршама жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылған екен. Және де онға жуық жеке сот орындаушының жұмысы уақытша тоқтатылған. Жоспарлы және жоспардан тыс бақылаудың арқасында нотариус саласында да бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.
Сондай-ақ, жақында «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыруда Түркістан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тәулік бойы тегін заң көмегін көрсету мақсатында, қала тұрғындарына құқықтық сұрақтар бойынша тегін кеңес алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Және де Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледж студенттерімен де жоғарыдағы мәселелер бойынша арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Түркістан облысы Әділет Департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараевтың бастамасымен көптеген маңызда іс-шаралар қолға алынған болатын. Өңіріміздің бүлдіршідері де сол игі іс-шаралардан шет қалмады. Жуырда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай әділет органдары қызметкерлерінің балалары арасында “Менің елім – Қазақстан” сурет байқауын өткізіп, байқауға қатысушыларға бағалы сый-сияпаттар табыстады. Балалар тәуелсіздіктің бейнесін қағаз беттерінде көрсетіп, өз өнерлерін паш етті. Ал, Сайрам ауданаралық әділет басқармасының, Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі филиалының қызметкерлері және ауданның жеке сот орындаушыларымен, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларына қолдау көрсету мақсатында Қасымбек-Датқа ауылының тұрғыны көп балалы апа Өміртаева Сауленің отбасына азық-түлікпен әлеуметтік көмек көрсетіп те үлгерді. Аталған шара аясында Ордабасы ауданындағы тұрмысы төмен 5 отбасыға жылыту маусымы аясында бес тонна көмір түсірілген болатын.
Түркістан облысының Әділет департаментінің негізгі бағыттарының бірі: халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мейлінше автоматтандыру. Бұл дегеніміз тұрғындар мен бизнес үшін өте ыңғайлы және жемқорлықтың алдын алуға ықпал болмақ.
Түркістан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты кіші бағдарламасын іске асыру барысында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тарихи-мәдени құндылықтарымен танысып, қазақ тарихындағы ерекше орын алатын жәдігерлерді тамашалады. Және де облыстық Жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып «Қолжетімді заңгер» жобасы да өз жемісін беріп келеді.
«Әділдікке жығылмайтын адам жоқ». Айта берсек Түркістан облысының Әділет департаменті тарапынан атқарылып жатқан маңызды жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Барлық игі істер халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында жасалынып жатқаны анық. Көзі ашық, заңға сауатты елдің өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылудағы мақсатты жолы жеңіл болатыны айтпасақ та түсінікті. Үлкен бағытта аянбай еңбек етіп жатқан Әділет органдарының ісі алға шаба берсін дейміз!
Асылбек Түйтаев