Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысында оң жақ өткелдерін салу жұмысы жалғасуда.
Бүгінгі таңда қала көшелерінде оң жақ өткелді қажет ететін 45 орын болса, биылғы жылғы жоспарға сәйкес, 8 көшедегі 10 қиылысқа қосымша оң жақ өткел салынып, 60 жол белгісі қойылатын болады.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Сыпырған ата – Әл-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелеріндегі құрлыс жұмыстарын 3 мердігер компания атқаруда.
Қазіргі уақытта Сыпырған ата — Темірлан тас жолының, Арғынбеков — Өтегенов, Рысқұлов — Шаяхметов, Рысқұлов — Қазиев, Шаяхметов — Арғынбеков көшелірінің қиылысындағы оң жақ өткелдері толығымен аяқталып, жол белгілері орнатылған.
Сондай-ақ, оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын. Биылғы жоспар бойынша 8 көшедегі 10 орынға оң жақ өткел салу жұмысы басталған болатын.
Мұндай өткелдер шаһарда көлік кептелісін болдырмау мақсатында қолға алынған.
Қазір Сыпырған ата –Темірлан тас жолы, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов – Шаяхметов, Рысқұлов–Қазиев, Шаяхметов – Арғынбеков қиылысындағы бөліктерінде құрылыс аяқталып, жол белгілері орнатылды.
Ал, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Рысқұлов – Адырбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысында оң жақ өткел жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Жалпы оң жақ өткелін салу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған. Құрылыс жұмысын 3 мердігер мекемесі атқарып отыр.