Жыл соңына дейін Шымкент қалалық цифрландыру басқарамасы жеке инвесторлар тарту арқылы 12000 нан астам халқы бар Сәуле және Бадам тұрғын алабтарына оптикалық желі арқылы таратылатын сапалы интернетпен 100 пайыз қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда «СпецавтоматикаСервис» ЖШС Сәуле, Бадам-1 және Қарабастау шағын аудандарының орталық көшелеріне ұзындығы 20 шаршы метрді қамтитын абоненттік кабель тартылды.
Жыл соңына дейін барлық көшелерге талшықты оптика желісі тартылып, тұрғындарды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалатын болады.
Бүгінгі таңда орталық көшелердегі 100 ден астам үй 200 Мбит/сек жылдамдықта тарайтын талшықты оптика желісіне қосылды. Тұрғындар кең жолақты интернетке қосылу үшін нақты өтінімдер беруі қажет.
Сәуле, Бадам және Қарабастау шағын аудандарында сапалы интернет тарату бойынша соңғы жұмыстарды атқарып жатқан компания келесі 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазығұрт, Құрсай және Забадам елді мекендеріне 100% талшықты оптика желісін жүргізу жұмыстарын жоспарлауда.