Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Түркістанда 16 жастағы қыздың туған күні полиция басқармасында өтті. Өйткені кәмелет жасына толмаған жасөспірім меншікті мерекесін түнгі мезгілде мейрамханада тойламақ болған.
Дегенмен тәртіп сақшылары ата-анасының қарауынсыз бей-берекет қыдырған жеткіншектердің жүрісіне тосқауыл қойды. «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы кезінде ата-ана қарауынсыз жүрген балалар анықталды. Тәртіп сақшылары алдымен қаладағы кафелер мен мейрамханаларды сүзіп шықты. Сондай орындардың бірінде кәмелет жасына толмаған жиырмаға жуық жас жиналып, туған күн тойламақ болған. Полиция қызметкерлері оларды бірден басқармаға жеткізіп, ата-аналарын шақыртты. Осылайша меншікті мерекесін тойламақ болғандар айтулы күнді полиция басқармасында өткізді.
Түнгі уақытта балаларды қараусыз жібергені үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек адам көп жүретін тағы бір мейрамханадан бір топ ішімдік ішіп, желік қуған жастар ұсталды. Тексере келе олардың да кәмелет жасына толмағандығы анықталды. Ал кәсіпкерлік нысанының әкімшілігіне айыппұл салынды.
Түркістан қалалық ювеналды полиция қызметкерлерімен және жергілікті ұйымдармен бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүруін анықтау барысында түнгі рейд өтті.
Құқық бұзушылық – бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.
Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді. Биыл Балалар жылы. Яғни олардың білім алуына, денсаулығына, қауіпсіздігіне қатысты мәселелер оңтайлануы тиіс. Алайда Түркістан қаласында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы барысында айналдырған бір сағаттың ішінде ережені елемеген елу шақты жасөспірім анықталды. Екі күнде 800-ден астам түрлі ойын нысандар тексерілген. Асылхан Төреханов, облыстық ПД жергілікті полиция бастығы – 300-ден астам жасөспірім тарапына әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара қолданылды. Талдап айтатын болсам, жасөспірімге спирттік ішімдік сатқан 9 дәйек анықталып, сатушыға айыппұл салынды. Жастарды ата-ана қарауынсыз ойын-сауық орталығына жіберген 14 азаматқа хаттама толтырылды. Түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 200-ден астам бала анықталып, ата-анасы жауапқа тартылды. Мұндағы мақсат – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын мекемелердің жұмысы екі есе көбейеді. Тәртіп сақшылары әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытын тиімді өзкізуге күш салса, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың азаятынын айтады.