Түркістан қаласы бойынша барлық спорт мектептерінің жаттықтырушыларына арналған мәжіліс өтті. Басқосуды Түркістан қаласы полициясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары бірлесіп ұйымдастырған. Мәжіліске 300-ге жуық спортшы қатысты. Шараның жалпы мақсаты жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. 40 минутқа созылған жиында осы тақырып кеңінен түсіндірілді.
Мақсатымыз спорт секцияларының келіп жүрген Түркістан қаласы тұрғындары және де жастардың арасындағы оның ішіндегі қылмысты болдырмау. Және де қылмыстың алдын алу. Құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Осы сұрақтарды кеңінен талқыладық. Жалпы қорыта айтқанда осы Түркістан жастарына жарқын болашақ сыйлау.
Жиында қаланың бас полицейі жастарды сіз бен біз болып, қоғам болып тәрбиелеуге шақырды. Сонымен қатар жігіттің намысты, мінезді болуы керек екендігін де тілге тиек етті. Жастардың білімді болғанымен қатар білекті, шымыр болғаны маңызды. Себебі көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін асқақтататын жалынды азаматтардан ел көп үміт күтеді. Бұл бағытта ұстаздар және полиция қызметкерлері бірлесіп жұмыс жасаудан бөлек ата-аналардың да орны мен рөлі жоғары.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы аясында және ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бастамасымен «Мен және менің полицейім» акциясы бойынша Түркістан облысының полицейлері облыс орталығының оқушылары үшін қызықты экскурсия ұйымдастырды. Оқушыларды облыстың бас полицейі — Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қарсы алып, полиция қызметі туралы айтып берді.Бірінші кезекте балаларға жедел басқару орталығы көрсетілді, онда көшелердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Генерал-майор М.Қабденов оқушыларға полицейлер нақты уақыт режимінде көшелер мен жолдардағы жағдайды бейнекамералардың көмегімен қалай бақылап отырғанын, жедел міндеттерді шешу үшін полиция нарядтарын қалай басқаратынын және қылмыстарды «ізін суытпай» ашатынын айтты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқушыларға бейнебақылау камераларын «басқару тетігі» арқылы басқару мен бейнекамералардың қаншалықты деңгейде ЖБО-ға қосылғанын, күнделікті оқушылардың өзі оқитын мектептерін полицейлер камера арқылы бақылап отыратын шынайы көрді. Тіпті таңданыстарын жасырмай, полиция генерал-майоры Мұрат Талапұлына полицияға қатысты сұрақтарын жаудырды. Өз кезегінде облыстың бас полицейі полициядағы жұмысқа, құқық бұзушылықтардың қалай анықталатынына және қызметтің перспективаларына қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оқушыларға полицей мамандығының қыр-сырын айтып, өз жұмысының қызықты жағдайларымен бөлісті. «Балалар сендерге ата-аналарың мен мына еліміз үлкен үміт артып отыр. Себебі жасалып жатқан жағдайдың барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін. Сендер тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысаңдар келешекте нағыз майталман маман боласыңдар. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, қажетті білім алсаңдар, сендердің арман мақсаттарың да тез орындалады. Полицей болу үшін де бірінші кезекте өзіңді тәрбиелеуің керек. Жан-жағыңа, достарыңа үлгі-өнеге болып, әрқашан достыққа адал, ұқыпты да шыншыл болуларың қажет. Полиция сендердің тыныш ұйқыларың үшін күндіз-түні қызметте!», — деді полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов. Бұдан әрі полиция қызметкерлері оқушыларға мобильді байланыс кешенінің жұмысын көрсетті, «рухани Астананың» көрікті жерлерін аралайтын тұрғындар мен туристерге жедел түрде байланысқа шығу үшін жасалған 102 пультіне қоңырау шалып, көмек шақыруға көмектесетін ең белсенді жерлерде орналасқан «SOS кнопкасын» көрді. Батырма арқылы полицейлермен байланысқа шығып, ерекше әсер алды. Сондай-ақ оқушылар мобильді стационарлық полиция бекетіне және Түркістан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына барды. Себебі балалардың арасында арнайы есепке қойылған жоғары сынып оқушылары да бар. Ер балаларға УҰИ-да қылмыс жасаған азаматтардың отыратын орны көрсетіліп, полицейлердің түсіндірмелері тыңдалды. Соңында оқушылар экскурсияның танымды болғанын және қиын әрі өте маңызды мамандыққа жаңаша қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті.Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жас буынға мықты денсаулық пен оқуда табыс тілеп, естелікке суретке түсті.
Түркістан қаласында спорт саласы күннен-күнге қарқынды түрде дамып келеді. Биылдың өзінде спорттағы сан саланы қамтып, дамыту үшін шаһарда жаңадан «Яссы футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Яссы футбол клубында» ересек футболшылар кәсіби түрде дайындық жасаса, «Түркістан қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт клубында» негізінен, бұқаралық спорт түрлеріне мән беріледі. Атап айтқанда, бүгінде аталған клубта спорттың футбол, баскетбол, «Street bаll», үлкен теннис, Street Workout сынды түрлері бойынша 10 жаттықтырушы жұмыс істейді. Түркістан қалалық спортты дамыту бөлімінің 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасы аясындағы мәліметке сәйкес, жыл басынан бері халықты спорт инфрақұрылымымен қамту, яғни, спорт залдармен және жүзу бассейндері сынды орындармен қамту (1000 адамға шаққанда) жоспардағы 55 пайыздан 8 көрсеткішке артық орындалып, жұмыстарды орындау деңгейі 63,1 пайызға жеткен.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту аясындағы жұмыстарда да оң өзгеріс байқалады. Мұндағы сандарды сөйлететін болсақ, жергілікті жұрттың жүйелі түрде спортпен айналысатындарының қатары қалыңдаған. Бүгінде шаһардағы 184 мың халықтың 61 мыңға жуығы тұрақты түрде спортпен шұғылданады екен. Бұл аталған спортты дамыту бөлімінің осы саланы дамытудағы жоспарлап отырған 32 пайызынан асып түсіп, 33 пайызға жетіп отыр.
Балалар мен жеткіншектердің саладағы үлес салмағы мол. 6-18 жас аралығындағы спортпен айналысатын түркістандықтардың саны 7 мыңға жуықтайды. Жылдық жоспар 16 пайызды құраса, жыл соңына жетпей межелі болжам орындалып қойған.
Түркістан шаһарындағы бұқаралық спортты дамыту, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, мақсатында бөлім тарапынан жарыстар ұйымдастырылып жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте, қалалық Адами капиталды дамыту бөлімімен бірлескен жұмыстар істелініп жатыр. Атап айтқанда, мектеп оқушылары, мұғалімдер арасындағы спартакиадалар, жоғары, орта-арнаулы оқу орындарының студенттері, оқытушылары арасында спартакиадалар, құқық қорғау қызметкерлері арасында жарыстар, ҚР атаулы мерекелері қарсаңында дәстүрлі түрде спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілуде.
Жетістіктерді айтып өтуге мысалдар көп. Мәселен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында Балуан Шолақ спорт кешенінде ақпан айында баскетболдан 2006-2007 жылы туылған қыздар арасында, волейболдан ардагерлер арасында жарыс ұйымдастырылса, «Береке, Қайрат» ГТК спорт кешендерінде ардагерлер арасында кіші футболдан, «Оқушылар сарайында» шахматтан жасөспірімдер арасында сайыс өткізілді. Мұндай сайыстарды тізе берсек өте көп. Жыл басынан бері 100-ге жуық сан түрлі спорт сайыстары болған.
Енді облыстық, республикалық байрақты бәсекелерде Түркістан қаласының атын шығарып, намысын қорғап жүрген сайыпқырандарымызға тоқталсақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен республикалық жарысқа іріктеу турнирі өткен-ді. Облыстық жарысқа 21 талантты балуан қатысты. Белдесуде өзінің талантымен көзге түскен Түркістан қаласының балуаны Айдарбек Тоқтарбек бас жүлдеге ие болды.
Мұнан бөлек, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық спартакиадада Түркістан қаласы әкімі аппараты және дербес бөлім қызметкерлерінен құралған команда 2 орынға ие болса, волейболдан ересектер арасында облыстық спартакиадада Түркістан қаласынынан әйелдер және ерлер командасы да 2-орынға жайғасыпты. Үстел теннисінен ересектер арасында өткен спартакиадада Түркістан қаласының құрамасы 1 орынға ие болса, шаһарда өткен волейболдан және кіші футболдан 40 жастан асқан ардагерлер арасында арасында облыстық спартакиадада Түркістан қаласының командасы 1 орынға шыққан.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 221 спорт нысаны бар. Атап айтқанда, 1 спорт сарайы, 3 стадион, 5 спорт кешені, 139 спорт ойын алаңы, 10 теннис корты, 5 жүзу бассейні 59 спорт залы жергілікті бұқараға қызмет етуде. Одан басқа, заманауи үлгідегі жасанды төсенішпен 64 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Оның 31-і кіші футбол алаңы, 16-сы баскетбол алаңы, 7-уі теннис корты, 7-уі «Street Workout» алаңы, 3-уі «Street bаll» алаңы. Қала тұрғындары спорттың 12 түрі бойынша спортпен айналысады.
Мысалы, өткен жылы Түркістанда сот жүйсіне арналған жаңа кеңсесінің құрылысы басталды. Оған әкімшілік-іскерлік орталығынан 1,85 гектар жер телімі бөлінген. Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті орналасатын нысанның да құрылысы қолға алынған. Түркістан облыстық полиция департаментінің құрылысы да аяқталуға жақын. Облыс әкімі өңірдің дамуына ықпал ететін маңызды құрылымдарға арналған ғимараттар уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс екенін жеткізді. Жауапты басшылар мен мердігерлермен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Тапсырмалар берді. Әкімшілік-іскерлік аумағында жүзеге асып жатқан жобалармен танысқан соң Өмірзақ Шөкеев ескек есу базасында болды. Қазіргі уақытта ескек есу базасының тіреуіш қабырғалары мен су келетін каналына бетон құю және өзге де жұмыстары жүріп жатыр. Ал Түркістан қаласындағы олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасында ішкі инженерлік жүйелерді монтаждау, сыртқы қасбетін орнату, ішкі қабырғаларын сылау жұмыстары жүргізілуде. Бес қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 4184 шаршы метр. Жатын орындар саны – 202. Екі спорт нысаны да биыл ел игілігіне беріледі. Облыс әкімі спорттық нысандардың жастар ғана емес, жалпы тұрғындар үшін маңызды екеніне тоқталып, саламатты ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасау, спортты қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.