«Қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде тілдің қолданылу қағидаларының сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде тілдің қолданылу қағидаларының сақталуы» тақырыбында төраға Н.Шетеновтың, аудандық сот судьяларының, аудандық прокуратура, полиция бөлімінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны төраға ашып, сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде тіл туралы заңнаманың нормаларын толыққанды қолдануға кедергі келтіретін мәселелерін талқылады. Қоғамның және мемлекеттің барлық салаларында мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану маңыздылығын атап өтіп, құқық қорғау органдары және прокуратурамен қылмыстық қудалау және тергеу жүргізу сатыларынан бастап сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың мәселесіне ерекше назар аударды.
Судья А.Малаева баяндама жасап, тіл туралы принципті сақтау, тергеу судьясының жұмысы бойынша, арыз-шағымдарды қарау практикасына тоқталып, өз баяндамасында сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын және оны жетілдіру қажеттігін атап өтіп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде аудандық соттағы тіл қағидатының жағдайын жан-жақты қамтып, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында алдағы уақытта тергеу органдары мен прокуратура азаматтардың тіл таңдау құқығын сақтай отырып, істі мемлекеттік тілде жүргізу бойынша бақылауды күшейтуге, тіл жөніндегі заңнама нормаларының бұзылуын анықтау және жол бермеу мақсатында барлық шараларды қабылдауға, сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын және оны одан әрі жетілдіруге бірлесе күш салу қажеттігі жөнінде қорытындыға келді.
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелет жасқа толмаған сотталушылар Ө.Н. және Н.Е.-ге қатысты бірнеше рет, тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы).
Соттың анықтағаны
Сотталушылар Ө.Н. мен Н.Е.-і 2022 жылы 7 қаңтарда түнгі 00 сағат 30 минут шамасында атаусыз азық-түлік дүкеніне келіп, оның жабық тұрғанын көргендерін, осы кезде азық-түлік дүкенінің артқы бөлігінде орналасқан пластик терезесін бұзып ашу арқылы дүкен ішіне заңсыз кіріп, жалпы Б.Ә-ға 17 530 теңгені құрайтын шығын келтіріп оқиға орнынан бой тасалаған. Олар өздерінің қылмысты әрекетін әрі қарай жалғастыра отырып, жәбірленуші Б.Ә-ға тиесілі азық-түлік дүкеніне 2022 жылы 19 ақпан 02 сағат 30 минут шамасында дүкеннің артқы бөлігінде орналасқан пластик терезесін әдеттегіше бұзып ашу арқылы ішіне заңсыз кіріп, Б.Ә-ға жалпы 6200 теңге құрайтын мүліктік шығын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Түркістан қаласында «Е-Асхана» пилоттық жүйесі іске қосылмақ. Осы орайда, Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейі таңдалып алынған. Жобаның тиімділігі – балаңыздың мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын ұялы телефоныңыздағы қосымша арқылы көре аласыз.Пилоттық жобаны егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында аталған мектептерде кездесу өтті. Жиынға мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты. Көпшілігі жүйенің тиімділігі жоғары екендігіне сенімді. Солардың бірі – екі перзенті бастауыш сыныпта білім алатын Ақтолқын Ержігітова.
Жоба жүзеге асырылса, ұл-қызының мектеп асханасынан сатып алған асын қадағалап, тіпті күнделікті қаражат беру шегін белгілеуге болады.«Жүйенің пайдасы орасан екені көрініп-ақ тұр. Арнайы мамандар мектептерде құрылғыларды таныстырды. Түркістандық балалар цифрлық жүйеге үйренуі керек. Жалпы қалалардағы мектептерде орнатылған жүйе республикамызда көң көлемде танылып, қолданыста», – дейді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.«Е-асхана» менеджері Әлібек Қалдыбековтің айтуынша, ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң QR-код беріліп, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды. Оқушы асханаға QR-код арқылы төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, бағаларын, құрамын бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.
Түркістан облысының кәмелетке толмғандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша:
Сот төрағасы Б. Сауран «Әкімшілік істердің біркелкі практикасын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Түркістан қаласының Полиция Департаменті, Сарағаш, Сауран, Сайрам, Арыс, Мақтаарал, Шардара, Кентау, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек, Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Жетісай аудандық полиция бөлім басшылары мен сот қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында сот төрағасы Б. Сауран Әкімшілік істердің біркелкі практикасын қалыптастыру барысында туындайтын проблемалық сұрақтары мен мақсаттарына тоқталып, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
Шара барысында сот кеңсесінің бас маманы Н. Жалаеваның баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-шараның өзектілігін жұмыс барысында кездесетін бір қатар мәселелерді шешуге мүмкіндіктерін бергенін атап өтіп, аудандық полиция қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.