Түркістан қаласында тәртіп сақшылардың қолдауымен жедел-профилактикалық іс-шаралары жиі өткізіледі. Іс-шараның мақсаты облыстағы криминогендік жағдайды жақсарту, түрлі санаттағы қылмыстардың алдын алу, қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін бақылауға байланысты полиция қызметінің тиімділігін арттыру.
Рейдтік іс-шараларға учаскелік инспекторлар, ювеналдық полиция, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері, көші-қон және жергілікті полиция қызметі мен еріктілер қатысты.
Іс-шара барысында адамдар көп жиналатын орындарды, орталық көшелер мен облыс орталығының алаңдарын патрульдеу жүзеге асырылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғындармен коронавирус індетінің таралуына байланысты құқықбұзушылыққа жол бермеу және карантиндік шараларды сақтауға бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Түркістан қаласының өсіп-өркендеуі әрбір қала тұрғынына да қатысты. Шаһарда қойылған талаптар мен тәртіптерді бұзбай, әртүрлі атқарылып жатырған шараларға түсінікпен қарайтын азаматтар аз емес. Соны ескерген қала әкімдігі заң аясында талаптарды сақтай отырып, жақындарына жанашыр болып жүрген тұрғындарға алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт-насихат тобы шаһардағы жарнамалар мен тамақтану орындарындағы ас мәзірінің Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкестігін тексеруде. Рейдтік аралау барысында жұмысшы топ 30-ға жуық тамақтану орнының мәзірін бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша иелеріне заңның талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мысалы, рейдтік топ 20-ға жуық жарнамадан олқылықты анықтап, Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңның талаптары мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Былтыр Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Соған сәйкес хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзір, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпараттар ең алдымен мемлекеттік тілде жариялануы тиіс. Тек қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыруды көздейді. Нысандардағы маңдайшадан бастап, ас мәзірлеріне дейін қазақшалануы тиіс. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жалғасады.
Карантин кезінде көптеген қиындықьардың туындағаны жасырын емес. Ел ішінде ғана емес, әлем жұртшылығына қауіп төндірген індет уақытында түсінік пен сабырлылығын көрсете білген қала тұрғындарына, өзгелердің қолайлы жағдайын бұзбай, тыныштық сақтаған азаматтарған, уақытылы алимент төлеген әкелерге, жол ережесін сақтайтындарға, санитарлық талаптарды сақтап, бетперде тағып, халқына қалқан болған әр жанға, үкімет бекіткен салықтан қашпай, уақытылы төлейтін кәсіпкерлер мен шаһардың таза болуына үлес қосып жүргендерге және жемқорлыққа жол бермейтін қызметкерлерге алғыс айтылды.
Мұндай алғыс білдірудің негізгі мақсаты қатаң ескертулерсіз-ақ өзін қоршаған ортаға зиянын тигізбей, қолынан келгенше көмегін аямайтын жандарға қолдау білдіру және өзгелерді осындай жақсылықтарға шақыру болып табылады.
Түркістан қаласының прокуратурасы мен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып «Turkistan» индустриялық аймағында кәсіпкерлікпен айналысатын бизнес өкілдерімен көшпелі жиналыс өткізген болатын. Кездесуде қала әкімдігі мен индустриялық аймақтың Басқарушы қомпаниясы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлердің проблемалы мәселелері қаралды. Атап айтқанда, индустриялық аймақтағы инфрақұрылымның жай-күйі мен темір жолының жағдайын көріп, шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ электр энергиясы тарифін төмендету мәселесі қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу ұсынылды. Өз кезегінде, прокуратура талдау жүргізіп, мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) құқықтық баға беріп кеткен еді.
Орталық Азия аумағында Кеңестік үлгідегі республикалардың өмірге келуі кездейсоқтық емес. Оның астарында көптеген мән жайлар жатқаны сөзсіз. Осы Түркістан өлкесінде кеңес өкіметінің орнап, оның одан әрмен қарай дамуында республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің ролі ерекше болды. Түркістан Республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссарлар Кеңесі жоғары атқарушы билік тармағын қалыптастырды. Түркістан Республикасы 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені көпшілікке мәлім. Осы уақыт аралығында Халық Комиссарлары Кеңесінің даму тарихын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
Тәуелсіз еліміздегі ең көрнекті қала – Түркістан. Тоғыз жолдың торабындағы сауда қаласы болғаннан кейін, Жібек жолының үстіндегі қалаға иісі қазақтың табаны тиді. Ежелгі атауы «Яссы» – Жібек жолының бойындағы батыс пен шығысты жалғайтын сауда-саттық қаласы. Төрт қақпасы да дүниенің төрт бұрышына ашық еді. Жоңғар шапқыншылығының да қысымын көрді. 1864 жылы Ресей патшалығы жаулап алды. Патша үкіметінің атқан зеңбірек оқтары әлі күнге дейін кірпіштің арасынан көрінеді. 14 ғасырда Есім хан ғана «Қазақ хандығының орталығы» деп бекітті. 21 хан мен 57 батыр жерленіп, би-шешендердің де мазары бой көтерді. Ресей патшалығының соққысынан кейін, қала қайтадан еңсе тіктей алмады. 1500 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде тойлап, біраз жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сол кезде де Түркістанды елге таныстырып едік. Көптен ойлап жүргенім рас. Өмір тарихымда қала салу процесі Теміртаудан басталған. Жылына 80 мың шаршы метр үй соғып, балабақша мен мектеп, аурухана салып, қаланы көтерген едік. Екінші ірі құрылыс, батыл шешім – елорданы салу. Үшінші қадам – Түркістанды түрлендіру. Әлемге тарихымызды паш ететін, туристік орталық болмақ, – деп сөзін нақтылады Тұңғыш Президент.
Қала келбеті күн сайын құлпырып келеді. Келуші қонақтардың құқықтары мен талаптары құқық қорғаушылардың базды назарында. Облысты дамытудың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық бас жоспарына сай 5 жылға 1 трлн 236 млрд теңге бөлінді. 350 млрд теңге бірінші кезеңді жандандыруға бөлінген. Ол ақшаның жартысы жекеменшік компанияларға берілді. Қаржы жеке сауда орталықтары мен қонақ үй салуға жұмсалды. Облыс орталығы – тарихи туризмнің алтын ұясы. Халыққа қажет ойын-сауық орталығы, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквопарк, спорттық демалыс нысандары толықтай талапқа сай салынған. Туристерге толықтай сапалы қызмет көрсете алатын нысандар да баршылық. Қаланың жобалау аумағы – 22 370 гектар. Бас жоспар жобасы үш кезеңнен тұрады:
қаланы дамытудың бастапқы жылы – 2018 жыл;
бірінші кезең – 2025 жылға дейін; есептік мерзім 2035 жылға жоспарланған.
Екі жылдың ішінде 15 нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Көздің жауын алатын кешендер қала келбетіне көрік берді. Келешекте олардың қатары арта бермек. Жоспарланған 160 нысанның тең жартысы салынып бітті. Оның ішінде әкімдік ғимараты мен Қазақ драма театры, 10 мың орындық стадион, жастар сарайы бар. Бұл сөзді Елбасы да растайды: «Миллиондық қала көп болса, мәдениет пен білім көтеріледі. Ауылдан келген ағайынның бой жазып, демалатын қала орталығы көз тартып тұруы керек. Қаланың гүлденуі халықты жұмыспен қамтиды. Құрылыс қарқыны жүріп жатыр, жұмысшы легі ауадай қажет. Екі жылдың ішінде бизнес саны 11 есеге өсті. Оңтүстік өңірі – халық саны көп шоғырланған аймақ. Бас жоспарға сай халық саны 2050 жылға дейін 500 мың адамға жету керек», – дейді Елбасы.
«Бұл бұзушылықтардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары рәсімдер мен процестердің ашықтығының болмауынан туындауда. Мәселенің шешімдерінің бірі жер телімдерін беру, барлық процестерді цифрландыру бойынша электрондық сауда-саттықты енгізуден көреміз. Түркістан облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасы әзірлеген Түркістан облысының Гео-порталы-процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін платформа, жеке байланысты қоспағанда, сұралып отырған жер учаскесі туралы мәліметтерді алуға және техникалық шарттарды үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ирина Ким.
«Бұл» жоба » прокуратура органдары тарапынан қолдау тапты. Қалғаны, техника мен уақыттың меншігінде…»,-деп толықтырды ол.
Түркістан облысы прокуратурасының сараптамалық кеңесі шеңберінде 4 мәселе қаралды, олар бойынша ЖАО-ның тиісті құрылымдық бөлімшелері прокуратура органдары қойған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер беріліп, олардың кейбіреулері Түркістан облысы әкімі орынбасарының жеке бақылауына алынды.