Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері әйелдерге және балаларға жасалынатын зорлық-зомбылық мәселесін зерттеу және алдын-алу мақсатында Түркістан қаласындағы мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Шаранын негiзгi мақсаты-әйелдер мен балаларға қатысты жасалынатынзорлық-зомбылықтың тәсiлiн және әдiсiн, сондай-ақ, оның себептері менжағдайларын анықтау және ерте жүктiлiктiң алдын алу болатын.
Полиция инспекторлары оқушыларға күнделiктi өмiрде орын алып жатқан құқық бұзушылықтар жайында түрлi ақпараттар мен таныстырып, қандайда бiр құқық бұзушылық жәйті орын алған жағдайда полицияға хабар берулерін ескертуде.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Берік Нышанбаевтың ұйымдастыруымен ауқымды семинар-кеңесі өткізілді. Іс-шараға қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің тергеу және анықтау құрылымдарының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Сот сараптама институтының директоры Ш.Тасыбаев, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Х.Тлеулин, Түркістан облысы прокурорының көмекші прокуроры Н.Бердикулов, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары М.Қайролдаев, Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция капитаны Б.Шамил арнайы шақырылды. Күн тәртібінде жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс құжаттарын жинақтау кезінде орын алатын кемшіліктер мен қажетті сараптамаларды жүргізу барысында туындайтын сұрақтар қаралды. Оған қоса электронды қылмыстық істер бойынша орын алған кемшіліктер мен алдағы уақыттарда олқылықтарға жол бермеу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде семинарға қатысушы тергеушілер мен анықтаушылар, жиында айтылған пайдалы ақпараттар мен ақыл-кеңестерге алғысын жеткізді.
Сондай-ақ қызмет барысында кемшіліксіз жұмыс жүргізетіндіктерін алға тартты.
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары, қонақтары, жүргізушілер және кәсіпкерлер!Заң талаптарына бағынып, ережелерді естен шығармаңыздар. Кәмелет жасына толмаған балаларыңыздың түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін қадағалаңыздар. Дүкендер мен Ойын-сауық орталықтары 23:00-ден кейін алкогольді ішімдіктер мен спирттік сусындарды сатпаңыздар.Жүргізушілер жол ережесін сақтап, заңды бұзбаңыздар!Түркістанды бірге қауіпсіз қалаға айналдырайық!
Түркістан қаласының тәртіп сақшыларының жұмыс көрсеткіші:
- Әлеуметтік желіде Түркістан қаласының көшелерінде, жол ережесін бұзған “Daewoo Nexia” автокөлігінің видеосы тараған болатын.Түркістан қаласының Полиция Басқармасы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, аталған көлікті тапты.Жүргізушіге ҚР ӘҚтК 595 бабы 1 бөлігі (маневр қағидаларын бұзу) және 606 бабы 1 бөлігімен (авариялық жағдай туғызу) хаттама толтырылды.Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Жол ережесін бұзбай, тәртіп сақтауға шақырамын!
2) Түркістан қаласының тұрғыны ұлының жоғалып кеткенін айтып, арызданды. Қала тұрғыны өз арызында кәмелет жасына толмаған ұлының 29 қазан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Іздестіру жұмыстарына кіріскен жеке құрам араға апта салып жасөспірімді дін аман тапты. Ол қазір анасының жанында.
3) Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде, жас мұғалімдердің конференциясы өтті. Облыс көлеміндегі жиынның қонағы әрі спикері болыңыз деген ұсыныс түсті. Келістім. Ұлты көсемі Әлихан Бөкейхановтың “ Елге қызмет ету- білімнен емес мінезден” дейтін аталы сөзін тақырып етіп таңдадым. Барынша тақырыпты ашуға тырыстым. Оқып түйгенімді көпшілікпен бөлістім.
4) Түркістан қаласының тұрғындарынан алаяқтық жолмен ақша алған әйел ұсталды. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, ақшаларыңды еселеп беремін деп алдаған. Полицияға күдіктінің үстінен 5 азамат арызданды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 млн теңге.Қазіргі таңда, ҚР ҚК 190 бабы, 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
5) 2022 жылдың 01 және 10 қазан аралығында әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды уақытында орындау мақсатында Түркістан облысы Полиция Департаментінің нұсқауына сәйкес, Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері және жеке сот орындаушы палатасының қызметкерлерімен бірлесе қала аумағында «Борышкер» жедел алдын алу іс шарасы өтуде.
ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Сіздерден әкімшілік құқық бұзушылық жасамауларыңызды, ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін еске салады. Қосымша ақпаратты Түркістан қаласы Полиция басқармасына келiп немесе 102 және немесе 42-2-02 байланыс телефондары арқылы бiлуге болады.
6) Түркістан қаласында кір жууға арналған ұнтақты қолдан жасағандардың жолы кесілді.Олар әлемге белгілі брендердің көшірмесін, атап айтқанда “Ariel”, “Tide”””Persill”, және жасанды “Мифті“саудаға салған.Аталған факті ҚР ҚК 222 бабы, 1 бөлігімен Түркістан қалалық Полиция басқармасында тіркеуге алынды.Құрметті қала тұрғындары! Заңсыздыққа жол бермей, тәртіпті сақтауға шақырамын.
7) Түркістан қаласының полиция басқармасы қала бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараға өзге де күштік құрылымдар қатысуда.Мақсатымыз жол ережелерінің сақталуы, ұсақ құқықбұзушылық пен ауыр қылмыстардың алдын алу.Рейдттік іс-шара жол ережелерінің сақталуы, заңсыз қару тасымалы, есірткі затының таралмауы, түнгі уақытта жасөспірімдердің жүрмеуі және белгіленген уақыттан кейін спирттік ішімдіктердің сатылмауын қамтиды.
8) Құжатсыз көлік басқарып, терезені күңгірттеп алады. Жол ережесін өрескел бұзып, тіпті масаң күйде көлік жүргізеді. Өкінішке орай мұның соңы кейде қайғылы жағдаймен аяқталып жатады.Осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында Түркістан қаласының Полиция Басқармасы арнайы рейдттік іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.Жасалған жұмыстың нәтижесінде ережеге бағынбайтындардың қатары айтарлықтай кеміді.Тәртіпке бағынып, аман жүрейік!
9) Түркістан күн санап көркейіп келеді. Топырағы тарихқа толы шаһарда тұрғындарға да, туристерге де қолайлы жағдай жасалып жатыр.Өкініштісі мемлекеттің мүлкіне зиян келтіріп, қаланы ажарынан айрғысы келетіндер де бар.Әңгіме Алматы көшесіндегі аялдама жөнінде. Өткен аптада әлеуметтік желіде терезесі шағылған аялдаманың видеосы тараған еді. Полиция дереу әрекет етіп, кінәлі жасөспірімдерді тапты. Мектеп оқушылары аялдама әйнегін абайсызда сындырып алғандарын айтуда. Олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.Түркістанды бүлдіргенше, бірге гүлдендірейік!
10) Полиция қызметкерлерінің эмоционалды және кәсіби шаршауының алдын алу, олардың стресстік жағдайларда психологиялық дайындығы мен моральдық төзімділік деңгейін арттыру мақсатында, маңызды шара ұйымдастырылды. Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың психолог-мамандары, Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері үшін «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің стресске төзімділігі және төтенше жағдайларға психологиялық дайындығы» тақырыбында психологиялық сабақтар өткізді.