Түркістанды түлету тездетіліп, тоқтамайтын болады !
Жақында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өткен болатын. Күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту жөнінде және 2018-2019 оқу жылының аяқталу барысы мен ҰБТ-ға дайындық жұмыстары туралы өзекті мәселелер де қаралған еді.
Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы аудандардағы мектептердің жергілікті басшылықтарға реттеуді тапсырған болатын. Қажет болса мемлекеттік жекеменшік әріптестіктік аясында жаңа нысандардың құрылысын бастау керектігін алға тартты.
Маңызды ескертулерінің бірінде өңір басшысы Түркістан облысының аудандары әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан баяу дамып жатқанын басты назарға алды.
«Облыстың оңтүстік өңірлеріндегі Шардара, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарында жол, құрылыс, инфрақұрылым, абаттандыру, газдандыру жұмыстары баяу, нашар жағдайда қалып отыр. Әлеуметтік нысандардың да көбісінің тозығы жеткен. Дамуы қарқынды Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандарынан өзге өңірлер тәжірибе алмасуы қажет. Елге қажетті әлеуметтік нысандар, спорт алаңшалары, саябақтар, автомобиль жолдары ретке келуі керек. Аталған аудандарды дамытуды жеке қадағалауыма аламын. Жергілікті әкімдерден белсенді жұмыс жүргізуді талап етемін», – деген болатын Өмірзақ Шөкеев.