Түркістан қаласында адам құқығын қорғау жөнінде көптеген жұмыстар атқарылуда.
Адам құқығын қорғау заңгерлердің басты міндеті. Ол мейлі адвокат болсын, прокурор, полицей қызметкерлері, тіпті сот болса да адам құқығы мен бас бостандығының жауапкершілігі заң органдарының мойнында. Қазіргі уақытта шыны керек айналамызда жан түршігерлік қылмыстардың саны көбейіп кетті, қай кезде болмасын теледидарды, телефонды аша қалсаң екі жаңалықтың біреуі қылмыс. Адам өлтіру, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық. Ер адамдардың өз әйелін өлтіруі, ұруы, әйелдердің баласын тастап кетуі, одан бөлек қазір жастардың арасындағы қылмыс жасау кеңінен белең алып кетті. Өмірге көз – қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы шыны керек жиі кездеседі. Адам баласын қылмыс жасауға криминалдық немесе зорлық-зомбылық көріп өскен ортада өмір сүруі де ықпал ететіні анық.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың 1-тоқсанында 54 990 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Соңғы деректер 2020 жыл бойынша қорытындыланған. Бірақ осы жақын аралықтарда да жасалған қылмыстардың саны да аз емес. Келесі статистиканың қандай болып шығарына ешкім кепілдік бере алмайды.
Жалпы елімізде қылмыстық ахуалдарға жауап беретін арнайы органдар жұмыс жасайды. Еліміздің азаматы ретінде жеке басыңыздың құқығын қорғау мақсатында кез – келген уақытта заң органдарына жүгіне аласыз. Әсіресе қазіргі уақытта заң саласындағы адвокатура үлкен бір бизнестің бастауы болып кеткендей. Өйткені жоғары білімі бар кез – келген заңгер өз адвокатура кеңсесін ашып алуға мүмкіндігі бар. Қазір ондай кеңселер көп деп айтуға болады. Бірақ нарықтағы бәсекелестікте тек ең мықтылары қалады.
Адвокатура, адвокат деген не дегенде ең бірінші не ойлайсыз?
— Күмәндіні қорғау ма мүмкін сотта жеңіп шығуды көздеу шығар. Бірақ заң тұрғысынан адвокатура деген – Елімізде адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Еліміздің Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Ал, адвокат деген – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.
Жалпы адвокаттық жұмыстың қыр-сырымен тереңірек танысу мақсатында осы салада білім алып жатқан болашақ маманмен біраз әңгіме өрбіттік. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің 3-курс студенті Асылайым Ғалымжанқызы адвокаттықты заң саласындағы ең қиын жұмыстардың бірі деп санайды.
— Жалпы заң саласындағы адвокаттың негізгі қызметі қандай?
— Теледидардан да, жаңалықтардан да қарап отыратын болсаң мысалы адвокат әрқашан қылмыс жасаған адамды қорғап жатады ия? Сол үшін де көп адамдардың ойы кейде өзгереді, бірақ бұл біздің міндетіміз, мемлекет пен адам алдындағы борышымыз. ҚР азаматы болғаннан кейін қандай жағдай болмасын жеке бастың құқығы қорғалуы керек. Негізі шыны керек адвокаттық жұмыс өте ауыр жұмыстардың бірі адам өмірімен байланысты бұл қызметті өз міндеттімен нақты, тиянақты Заң жүзімен атқаратын болсақ, адам өміріне зиян келмейтіндей етіп адал түрде шешілуін қадағалау қажет, сол себепті заң жүзінде қызмет етемін деген адамға бірінші ақ-қараны ажыратып, заң жүзінде жоғарғы білімінің болуы талап етіледі.
— Адвокат жұмысының құны қанша?
— Жалпы қазіргі уақытта өзім әлі жоғары оқу орнын оқып жатқандықтан бір заңгер өзін былай бағалайды деп айта алмаймын. Себебі менің әлі де үйренерім көп. Алайда Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына қатысты қаржы құжатынсыз жол берілмейді яғни қолма – қол ақша адвокатқа берілмейді бұл заңға кайшы және біз оқып жатқан жоғарғы оқу орнымызда пара беруге жол берілмейді және келеңсіз жағдай болмас үшін біз оқу ақысын құжат түрде береміз, сол үшін де кез – келген уақытта сенімді болу үшін барлығын құжат арқылы дәлелдей алатындай етіп төлеген дұрыс. Жалпы біз қолма – қол ақшалай төлем жасауға қарсымыз. Оқу орныдарында осындай заң талабы барына да келісеміз және қолдаймыз!
— Қазіргі уақытта шынымен де тегін қызмет көрсететін адвокаттар, заңгерлер бар, сонда тегін қызмет көрсету мен ақылы қызмет көрсетудің айырмашылығы қандай?
— Қазіргі таңда заңгерлер кәсіпкерлік заңгер, үкімет заңгері болып екі салада жұмыс істейді. Бірақ бір заңнаманы ұстанады ол Қазақстан Республикасы Констутциясы мен құқық қорғау заңы. Елімізде кәсіпкерлік заңгерлердің біраз легі бар деп айта аламын. Себебі жеке өз алдына қызмет көрсететін заңгерлердің жұмысына жүгіну қазіргі уақытта өте көп. Бұл қызметпен айналысатын заңгерлер өз алдына яғни жеке заңдастырып беру арқылы заң жүзінде қызмет етеді. Ал, мемлекеттік заңгер оны үкімет қаржысынан өмірі қыл үстінде тұрған мұқтаж адамға мемлекет өз есебінен ұсынады және заңгерлер өз ісіне жауапты, білікті, заң жүзінде нақты дәлелдеу арқылы өз қызметіне сенімді болса заң көмегіне сүйеніп келген мұқтаж адамдарға адал қызмет көрсете алады. Жалпы кәсіпкерлік пен үкімет заңгерінің арасында қандай айырмашылық бар деген сұрақ шығатыны анық. Көбісі ойлауы мүмкін тегін болған нәрсенің құны болмайды, біз ақылай жұмыс жасайтын адвокат жалдасақ барлығы дұрысынан шешіледі деп ойлайды. Бірақ ол қате пікір. Кез – келген жерде барлығы заңгердің біліктілігімен ғана шешіледі. Ол мейлі үкімет заңгері болсын, мейлі кәсіптік заңгер болсын. Қай кезде де адалынан бар күш – жігерімен, біліктілігін салып еңбек етсе қай кезде, қай уақытта, қай жерде болмасын әділдік және адалдық орнайтынына сенемін.
— Енді өзің заң саласында оқитын студент ретінде осы мамандықтың қандай қиын және қызықты сәттері бар?
— Заң саласында оқу қызығы мен шыжығы бірге жүретін сәттерге толы. Қызықты сәті біз әртүрлі оқиғалармен танысып, ол оқиғада біздің қызметіміз кандай біздің міндетіміз кандай деп сол оқиғадан әділ жол іздеп әділеттікті дәлелдеп, қорғап шығуға тырысамыз. Сол мәселені шешудің қыр – сырын, неше түрлі жолдарын қарастырып, оған жан – жақты қарауды үйренеміз. Сенің ойлап тұрған нәрсең, мүлдем дұрыс болмай, 180 градусқа өзгеріп кетуі мүмкін жағдайлар болады. Сол үшін де өзімізді мұқиятты, қырағы болуға үйретеміз. Біздің оқу орнымызда өте білікті,білімді өз саласының мамандары жұмыс жасайды. Сол кісілердің үйретуімен, және өзіміздің осы салаға деген қызығушылығымызбен, қазіргі уақытта студенттік өміріміз өте қызықты өтуде.
Заң саласындағы оқудың қиын кездері әр заңда баптарымен ,тармақтарын талдап оның оқиғаларға нақты сол заңмен далелденуін қарастыру өте қиын және оны қорғап өз ойыңды нақты жинақтап жеткізу оданда қиын бірақ біздің міндетіміз дәлелдеумен мен қорғаудан тұрады сол үшін де ешқашан қиындықтарына мойымауға, сынбауға тырысамыз.
Жер бетінде 7 миллиардтан астам адам болса оның әр қайсысы жеке тұлға, бір өмір. Олардың қауіпсіздігі, жеке басының қорғалуы заң жүзінде міндетті нәрсе. Заң жобасының алғы шарты да, өзегі де, мақсаты да адам құқығын қорғау, Конституция талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндігімізді көбейту. Қазіргі заман талабы да сол. Заң саласында жұмыс атқарып, мейлі адвокат, мейлі прокурор, сот, полицей қызметкері болсаң да ұмытпау керек бір нәрсе Заң жалпыға ортақ. Сол заңның орындалуы да, дұрыс қабылдануы да сенен басталады. Сол үшін де өз міндетіңді жауапкершілікпен, адалдықпен атқару арқылы ғана көздеген нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік туады.
Сұхбат құрған Ернар Пернехан