Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Бригаданың қызмет бастықтарына жауынгерлік, материалдық-техникалық (тыл, қару-жарақ), медициналық, қаржылық және коммуналдық-тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметтерінің бастықтары жатады.
Бригаданың қызмет бастығы бейбіт және соғыс уақытында: қызметтің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне; бағынысты бөлімшелер жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, әскери тәрбиесіне және тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға; жауынгерлік (техникалық, тылдық) қамтамасыз етудің тиісті түріне; өз мамандығы бойынша жеке құрамды даярлауға; өз қызметі бойынша бригаданы қару-жарақпен және әскери техникамен, басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуге, оларды дұрыс пайдалану мен реттілікте және ақаусыз ұстауға; өз қызметі бойынша бригаданың қару-жарағы мен әскери техникасын есепке алуға, бар болуына, техникалық жай-күйіне және жауынгерлік қолдануға әзірлігіне; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаның жай-күйіне; бағынысты бөлімшелердің қызмет объектілерінде қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақтауға және олардың өртке қарсы және санитариялық жай-күйіне жауап береді.
Бригаданың қызмет бастығы өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге, олардың орындалуын ұйымдастыруға, қызметтік іске басшылық жасауға, бригаданы тиісті қамтамасыз етуді жоспарлауға және ұйымдастыруға, тиісті бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын бақылауға, қоймалар жұмысын бақылауға, айына бір реттен жиі емес өз мамандығы бойынша сабақтарды жеке өзі өткізуге, тиісті сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, қару-жарақ пен әскери техникаға, қосалқы бөлшектерге, парктік жабдықтарға, аспаптарға, қызмет көрсету құралдарына, басқа да әскери-техникалық мүлікке және ақшалай қаражатқа өтінімдерді уақтылы тапсыруға, жетіспейтіндерін талап етуге; жауынгерлік даярлық жоспарына, табельдерге және нормаларға сәйкес алуды, сақтауды, бөлуді, бөлімге (бөлімшеге) беруді, сондай-ақ оларды мақсатты, тиімді және дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға; материалдық құралдарды жоғалтуды, жетіспеушілігін, бүлінуі мен ұрлауды болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға; жұмсалмайтын қорды уақтылы жаңартуға (жаңалауға), өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы және басқа да заңнамалық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге, қызметтің жасақталуын, қызмет әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру жөніндегі жеке жұмыстарды жүргізуге, мамандығы бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға міндетті.
Өз қызметі бойынша қару-жарақ пен әскери техниканың және басқа да материалдық құралдардың бар болуын, жай-күйін, құрылымын және пайдалану (қолдану), жөндеу мен эвакуациялау қағидаларын білуге, өз қызметі бойынша бөлімшелердегі және қоймадағы қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың ақаусыз жай-күйін бақылауға, оларды дұрыс пайдалануды (қолдануды) ұйымдастыруға және бұл ретте қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге; қызметтің қару-жарағы мен әскери техникасына жанармай және жағармай материалдарын үнемді жұмсауға және дұрыс қолдануға бақылауды жүзеге асыруға, өз қызметі бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы (мүлікті) жөндеуді ұйымдастыруға, оны жүргізу сапасы мен мерзімдерін бақылауға, бригадада жөндеуге келмейтін қару-жарақ пен әскери техниканы (мүлікті) жөндеуге уақтылы тапсыруға, өз қызметі бойынша бригадаға келіп түсетін және бригададан жөнелтілетін қару-жарақ пен әскери техникаға қарап тексеруді жүргізуге, оларды қабылдауды, есепке алуды, сақтауды, күтіп-ұстауды, бөлімшелерге беруді және басқа бөлімдерге беруді ұйымдастыруға, өз мамандығы бойынша бригададағы наразылық шағымдану жұмысын ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға, формулярлардың (паспорттардың), техникалық құжаттаманың бар болуына және уақтылы жүргізілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Жұмсалмайтын қордағы қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды сақтаудан алуды және пайдалануды тек Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрықтары бойынша жүзеге асыруға, қызметтік ісінің мәніне жататын лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензия алуды жүзеге асыруға, бригаданың бағынысты қоймалары мен бөлімшелеріндегі қару-жарақ пен әскери техникаға, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарға бақылауды жүзеге асыруға және жабдықтау мен сенімді күзету, өртке қарсы қорғаныс пен найзағайдан қорғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауға, өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаны құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, бағыныстыларға оқ атулар, оқу-жаттығулар, сабақтар өткізу және қару-жарақпен және әскери техникамен, аспаптармен жұмыс жүргізу, зымырандармен, оқ-дәрілермен, улы техникалық сұйықтықтармен, уытты және жарылғыш заттармен, жару құралдарымен жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, сондай-ақ олардың орындалуын қатаң талап етуге, өз мамандығы бойынша бригаданың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және уақтылы игеруге қатысуға, есептік, техникалық құжаттама негізінде қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінде, жабдықтар тораптары мен бөлшектерінде, аспаптар мен өзге де бұйымдарда бар құнды металдар мен асыл тастарды түгендеу тізімдемесін жасауға, өз қызметі бойынша оларды есепке алуды және есептілікті жүргізуге, есепке алу мен есептілікті жүргізуге, белгіленген мерзімдерде бригада бөлімдерімен (бөлімшелерімен) және қоймасымен, сондай-ақ жабдықталым органымен есептік деректерді салыстырып тексеруді жүргізуге міндетті.
Өз қызметі бойынша қару-жарақпен және әскери техникамен, басқа да материалдық құралдармен болатын оқиғалардан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, олардың себептерін анықтауға және осы оқиғаларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізуге; бригада бөлімшелерінде және қызметте өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыруға, оларда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға басшылық жасауға, бағынысты бөлімшелер мен қызметтің қару-жарағы мен әскери техникасын, жабдығы мен мүлкін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізуге, рационализаторлық және өнертапқыштық жұмыстарға қатысуға, оларды бағынысты қызмет пен бөлімшелерде ұйымдастыруға, бригада командирі бекіткен кестеге сәйкес тәуліктік нарядтың жауынгерлік кезекшілікті атқаруын және қызмет өткеруін тексеруге, жоғары тұрған штаб пен жабдықталым органдарына қызметі бойынша есеп берулер мен жеткізілімдерді уақтылы ұсынуға, жоғары тұрған қолбасшылықтың барлық бұйрықтарын бағынысты бөлімшелер мен қызметтерге уақтылы және дұрыс жеткізуді ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға, комиссияның бағынысты қызмет бойынша материалдық құралдарды тексеру және түгендеу жөніндегі жұмысын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге, жұмыс басталар алдында олардың мүшелерімен нұсқау беру сабақтарын өткізуге міндетті.
Бригаданың жылдық шаруашылық жоспарының, экономикалық жұмыс, материалдық, техникалық құралдарды, зымырандар мен оқ-дәрілерді жеткізу жоспарларының, сондай-ақ қару-жарақты, әскери техниканы пайдалану мен жөндеуге шығару және басқа да жұмыстар жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге, осы жоспарлардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, әскерге шақыру бойынша офицерлер мен қызметшілердің істері мен лауазымын қабылдауды, тапсыруды бақылауға; мемлекетке келтірілген материалдық залал анықталған кезде кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға, салыстырып тексеру аппаратураларын, аспаптарды, ыдыстарды, жоғары қысымды қазандықтарды және жүк көтеру құралдарын уақтылы тексеруді, қару-жарақ пен әскери техниканы толық өңдеуді, техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізуді ұйымдастыруға, оларды пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауға міндетті.
Бригаданың қызмет бастығы өз мамандығы бойынша өз мамандығы жеке құрамды жауынгерлік даярлау жөнінде және бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды пайдалану (қолдану) және қызмет көрсету жөнінде бөлімдердің командирлеріне ұсынымдар (тиісті бөлімшелердің командирлеріне нұсқаулар) береді, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың бар болуы мен жай-күйіне кенеттен тексерулер жүргізеді, оқиғаларға немесе олардың істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін кемшіліктер анықталған кезде, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары орындалмаған кезде техниканы пайдалануды тоқтатады.
Бригаданың қызмет бастығы барлық анықталған кемшіліктер және оларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы дереу өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.
Бригаданың байланыс бастығы штаб бастығына бағынады және бригаданың байланыс қызметі және бөлімшелері жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол байланысты уақтылы ұйымдастыруға, қамтамасыз етуге, оның қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың орындалуына жауап береді және бригадада байланысты және автоматтандырылған басқару жүйесін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыруға, өз мамандығы бойынша бригаданың жеке құрамымен сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге, бригадада үздіксіз байланысты және автоматтандырылған басқару жүйесін ұйымдастыруды және ұстауды қамтамасыз етуге, байланыс жөніндегі құжаттарды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, бригада жеке құрамының олардың орындалуын бақылауға, бригада жеке құрамының әскерлерді жасырын басқару жөніндегі талаптарды орындауын бақылауға, пошта жөнелтілімдерін бригададан жіберуді және бригада мен бөлімдерге (бөлімшелерге) жеткізілуін ұйымдастыруға, үш айда бір реттен жиі емес бригада бөлімшелеріндегі және қоймасындағы байланыс құралдарының, автоматтандырылған басқару және хабардар ету жүйелерінің бар болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге, бригададағы апта сайынғы радиожаттығуларды, байланыс құралдарымен жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.
Бригаданың инженерлік қызмет бастығы бригаданың штаб бастығына бағынады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол бригадада инженерлік қамтамасыз етуді жоспарлауды ұйымдастыруға, өз мамандығы бойынша бригада жеке құрамымен сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге, аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, бригаданың жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдау факторларынан және табиғи және техногендік сипаттағы салдардан қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысуға, үш айда бір реттен жиі емес бригада бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) және қоймадағы инженерлік қару-жарақ құралдарының бар болуы мен техникалық жай-күйіне тексеру жүргізуге; жыл сайын оларға түгендеу жүргізуге, зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығымен бірлесіп, полигондар мен атыс алаңдарын жарылмаған және ақаулы зымырандар мен оқ-дәрілерден тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, оларды жару мен жоюды жүзеге асыруға міндетті.
Әскери бөлімнің инженерлік техникасы мен электр-техникалық құралдарын пайдалану мен жөндеудің жылдық және айлық жоспарларын әзірлеуге, олардың орындалуын ұйымдастыруға, айына бір реттен жиі емес әскери бөлімнің инженерлік техникасы мен электр-техникалық құралдары моторесурстарының шығысына бақылауды жүзеге асыруға, жылына бір реттен жиі емес әскери бөлім электр-техникалық құралдарының техникалық жай-күйін және пайдалану қауіпсіздігіне тексеру жүргізуге, сондай-ақ бөлімнің барлық электр шаруашылығын ұйымдастыруға міндетті.
Бригаданың радиациялық, химиялық, биологиялық (экологияны) қорғау қызметінің бастығы бригаданың штаб бастығына бағынады.
Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда экологтың міндеттерін орындау әскери бөлім командирінің бұйрығымен айқындалады.
Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол бригаданы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды жоспарлауды және қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, өз мамандығы бойынша бригада жеке құрамымен сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау және қадағалау жүргізу үшін арналған химиялық нұсқаушылар мен бөлімшелерді (бөлімшелерді, есептоптарды) даярлауды ұйымдастыруға, бригаданың жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да материалдық құралдарын ядролық, химиялық және биологиялық қарудан, сондай-ақ радиациялық, химиялық қауіпті объектілердің авариялары мен қираулары салдарынан қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, өз қызметі бойынша олардың орындалуын ұйымдастыруға, орналасу және жауынгерлік іс-қимылдар ауданындағы жер қабатындағы метеорологиялық жағдайды білуге міндетті.
Үш айда бір реттен жиі емес бригада бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) және қоймадағы барлық қару-жарақ пен әскери техниканың, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарының бар болуы мен техникалық жай-күйіне тексеру жүргізуге, бригада орналасқан аймақтағы радиациялық, химиялық жағдайды ұдайы білуге және ол өзгерген кезде шаралар қабылдауға, есептілікті ұсынумен бригада орналасқан аудандардағы қоршаған ортаның және экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйіне және жауынгерлік даярлыққа бақылауды жүзеге асыруға, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау нұсқаушыларын және радиациялық, химиялық және биологиялық барлау мен қадағалауды жүргізу үшін арналған бөлімшелерді (бөлімшелерді, есептоптарды) даярлауды ұйымдастыруға міндетті.
Бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына бағынады және бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол қарудың, зымырандар мен оқ-дәрілердің сақталуын ұйымдастыруға, оларды сақтау орындарын жабдықтау тәртібіне жауап береді және бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарағын, зымырандары мен оқ-дәрілерін жөндеу, регламенттік-техникалық қызмет көрсету және қарап тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, орындаушыларды материалдармен, арнайы керек-жарақпен және жабдықпен қамтамасыз етуге міндетті.
Өз қызметі бойынша жөндеу бөлімшелерінің жұмысын бақылауға, бір айға арналған зымыран-артиллериялық қару-жарақты жөндеу жоспарын әзірлеуге, зымыран-артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймаларының бастықтарын іріктеуді, олардың уақтылы тексеру және рұқсаттамаларды ресімдеу үшін құжаттарды ұсынуына бақылауды жүзеге асыруға, зымыран-артиллериялық қару-жарақты, зымырандар мен оқ-дәрілерді пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге, белгіленген мерзімдерде бөлімдерде (бөлімшелерде) акті жасаумен оларды оқ атуға дайындауды тексеруге; қажет болған кезде бөлімшелер командирлеріне көмек көрсетуге, оқ атуларда зымырандар мен оқ-дәрілер шығысының және істен шығу, ақаулы болу жағдайларының есебін жүргізуге, жауынгерлік қоректендіру пункттерінің бастықтарымен сабақтар өткізуге, оқ атудан кейін бөлімдерден (бөлімшелерден) атылған гильзаларды, ақаулы зымырандар мен оқ-дәрілерді қабылдауды ұйымдастыруға, инженерлік қызмет бастығымен бірлесіп, жарылмаған және ақаулы зымырандар мен оқ-дәрілерді жаруды ұйымдастыруға міндетті.
Бригаданың бөлімдерінде (бөлімшелерінде) табельдік емес қару-жарақты, зымырандарды, оқ-дәрілер мен әскери-техникалық мүлікті ұстауға жол бермеуге, зымыран-артиллериялық қару-жарақтың, зымырандар мен оқ-дәрілердің авариялары мен бұзылулары себептерін анықтауға, олардан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға, зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларында зымыран-артиллериялық қару-жарақты, зымырандарды, оқ-дәрілер мен әскери-техникалық мүлікті дұрыс сақтауды ұйымдастыруға, бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) олардың бар болуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, үш айда бір реттен жиі емес олардың техникалық жай-күйін тексеруге және қаруды тексеруді жүргізуге, бұл ретте ағымдағы жабдықталымдағы қару үшін нөмір бойынша тексеру жүргізуге, тексеру нәтижелерін актімен ресімдеуге, ай сайын қызметтің есептік деректерін бригада бөлімшелерінің деректерімен салыстырып тексеруге міндетті.
Ай сайын бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына бригаданың барлық зымыран-артиллериялық қару-жарағын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жоспарларын орындау және зымырандар, оқ-дәрілер шығысының лимиті туралы баяндауға, зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймалары бойынша кезекшіге жеке өзі нұсқаулар беруге, зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларының жұмысын бақылауға, оларды ашу, жабу және қарап тексеру кезінде жеке өзі қатысуға, күн сайын бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына бекітуге зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларындағы жұмыстарды орындауға наряд ұсынуға, бөлімдерде (бөлімшелерде) қару сақтауға арналған бағынысты қоймалар мен бөлмелердің қосалқы кілттерінің бар болуын және дұрыс сақталуын, сондай-ақ өрт және күзет дабылдамасы құралдарының ақаусыздығын тексеруге міндетті.
Бригаданың броньды танк қызметінің бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына бағынады және бригаданың броньды танк қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша бригаданың броньды танк техникасының жауынгерлік әзірлігіне жауап береді және ол броньды танк қару-жарағы мен техникасын жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру және белгіленген мерзімдерде оны парктерден шығару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, броньды танк қару-жарағы мен техникасын пайдалануды жоспарлауға және үш айда бір реттен жиі емес оның бар болуы мен техникалық жай-күйін (оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының машиналарын — ай сайын) тексеруге міндетті.
Парк элементтері мен жабдығын жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізуге, өз қызметі бойынша жөндеу бөлімшелерінің жұмысын бақылауға, бір айға арналған броньды танк қару-жарағы мен техникасын жөндеу жоспарын әзірлеуге, моторесурстарды дұрыс және үнемді жұмсау және броньды танк қару-жарағы мен техникасының қызмет мерзімін ұзарту жөнінде шаралар қабылдауға, механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) мамандығы бойынша техникалық даярлауды жүргізуге міндетті.
Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына бағынады және бригаданың автомобиль қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша бригаданың автомобиль техникасының жауынгерлік әзірлігіне жауап береді және ол автомобиль техникасын жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру және белгіленген мерзімдерде оларды парктерден шығару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, автомобиль техникасын пайдалануды жоспарлауға, оны күнделікті пайдалануға нарядтар әзірлеуге, машиналардың рейстерге ақаусыз жай-күйде уақтылы шығуына және олардың паркке қайтып оралуына бақылауды жүзеге асыруға; үш айда бір реттен жиі емес автомобиль техникасының бар болуы мен техникалық жай-күйін (көлік пайдалану тобының машиналарын — ай сайын) тексеруге міндетті.
Парктік жабдықты жетілдіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға өз қызметі бойынша жөндеу бөлімшелерінің жұмысын бақылауға, бір айға арналған автомобиль техникасын жөндеу жоспарын әзірлеуге, моторесурстарды дұрыс және үнемді жұмсау және автомобиль техникасының қызмет мерзімдерін ұзарту жөнінде шаралар қабылдауға, механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) мамандығы бойынша техникалық даярлауды жүргізуге міндетті.
Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына бағынады және қызмет жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол бригада басқа да қызметтерінің бастықтарымен бірлесіп, метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, анағұрлым күрделі және жауапты өлшеулерді жүргізуге тікелей басшылық жасауға және кемшіліктерді уақтылы жоюды бақылауға, бригада комиссиясының қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау және пайдалануға енгізу жөніндегі жұмысына қатысуға, үш айда бір реттен жиі емес өлшеу құралдарының жай-күйін, дұрыс қолдануды және сақтауды, қару-жарақ пен әскери техникаға метрологиялық қызмет көрсетуді жүргізу ауқымын және толықтығын тексеруге, қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдауға, өлшеу құралдарының дұрыс көрсетпеуінен қару-жарақ пен әскери техниканың жұмыс істемеуі немесе тиімділігінің төмендеуі себептерінен сақтандыру жөніндегі алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға және команда бойынша олардың құрылымдық және пайдалану кемшіліктерін жою жөнінде ұсыныстар беруге міндетті.
Өлшеу құралдарының техникалық жай-күйін, тексеру мен жөндеуді есепке алуды жүргізуге, бригаданы өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға, бригаданың бақылау-салыстырып тексеру пунктіне (өлшеу техникасы пунктіне) әдістемелік басшылық жасауды және бөлімшелердің метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі штаттан тыс метрологтарының жұмысына бақылауды жүзеге асыруға, жылдық және айлық жұмыс жоспарларын, өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді және реттеуді қамтамасыз ету жоспарын, бригадада қолданылатын өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге және реттеуге беру кестесін әзірлеуге және бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарына бекітуге ұсынуға және олардың орындалуын бақылауға. бөлімдердегі (бөлімшелердегі) метрологиялық қамтамасыз етуді тексеру және оның жай-күйін талдау нәтижелері негізінде бригада командирі бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге міндетті.
Жанармай және жағармай материалдары қызметінің бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл) жөніндегі орынбасарына бағынады және жанармай мен жағармай материалдары қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, жанармай, жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды мақсатты және үнемді жұмсау, олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау мәселелерінде бригаданың техникасы мен қару-жарағының жауынгерлік әзірлігіне жауап береді және белгіленген жанармай шығысының лимитіне сүйене отырып, оны тиісті қызметтердің бастықтары мен бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне жеткізумен жанармайды бөлу жоспарын, сондай-ақ жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы және шаруашылық қызметі жоспарларымен көзделген іс-шараларды ескере отырып, жанармай шығысының лимитін пайдаланудың тоқсандық жоспарларын әзірлеуге міндетті. Бұл ретте жеке құрам қауіпсіздігінің уыттық нормаларын, аумақтың экологиялық қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ете отырып, май құю пункттерінің жұмысын ұйымдастыруға, жанармай, жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың шығысын бақылауға, бөлімшелерде оларды үнемді жұмсау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, оларды артық жұмсаудың себептерін анықтауға және оны жоюға шаралар қабылдауға, екі айда бір реттен жиі емес бригаданың бөлімдері (бөлімшелер) мен қоймасындағы жанармайдың, арнайы сұйықтықтардың бар болуын тексеруге, қалдықтарды алу актісін жасаумен олардың сапасын, сондай-ақ техникалық қызмет құралдарының бар болуы мен жай-күйін тексеруді ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсетудің нөмірлік түрлерін жүргізу (маусымдық қызмет көрсету) сапасын, техникалық құжаттама талаптарына (майлау сұлбаларына) сәйкес негізгі қару-жарақ пен әскери техника түрлерінің жүйелеріне, тораптарына, агрегаттарына жанармай, жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды толық және дұрыс құюды (толық құюды) тексеруге, пайдаланылған майларды жинауды және тапсыруды ұйымдастыруға міндетті.