Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Кеңбейл Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.

Вице-министр Шымкентке сапары аясында қала әкімдігі ғимаратында қаладағы бірқатар ірі кәсіпорын басшыларымен арнайы кездесу өткізді.
Жиын барысында вице-министр Кеңбейл Дәурен Маратұлы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтып өтті.
Кездесуден соң, вице-министр бірнеше азаматтарды жеке қабылдады. Жеке қабылдауда мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты көтерілген мәселелерге толыққанды жауаптар беріліп, түсіндірілді.
Сонымен қатар, вице-министр Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан бірқатар кәсіпорындарға барды.
Атап айтқанда, «Аzala cotton», «АГФ групп», «Бал текстиль, «QAZALPACK» және «ЕВРО Кристалл» ЖШС-і кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысмен танысты.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы «Шымкент сити» ауданындағы Конгресс-холл құрылысының барысымен және «Әкімшілік-іскерлік орталығындағы» 4 автокөлікке арналған қосымша ғимарат пен өрт сөндіру депосының құрылыс барысымен танысты.
Сапар соңында вице-министр Шымкент қаласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.