Шымкентте жаңа жыл қарсаңында қаланың экономикасының дамуы мен қалыптасуына ерекше үлес қосқан 17 саланың үздік қызметкерлері марапатталды.
Сонымен қоса, тәрбие мен білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау мен коммуналдық саладағы қаламыздың тазалығына аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлер де ескерусіз қалмады.
Жиында сала қызметкерлерінің бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері әңгімеге арқау болып, мерейі үстем болған үздік қызметкерлерді аудан әкімі Д.Есілбек алғыс хаттар мен арнайы дайындалған естелік сыйлықтарын салтанатты түрде табыстады.