Түркістан облысына іссапармен келген Абдулла Гүл «Түркістан Оқушылар сарайында» болды.
Түркістан облысына іссапармен келген Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл бүгін «Түркістан Оқушылар сарайында» болды. Бірнеше күн бойы өңірдегі маңызды нысандарды аралаған ол алдымен оқушылардың жаңажылдық мерекеге арнаған өнерін тамашалады.
Сондай-ақ, «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова “Зергерлік өнер”, “Киім моделін жобалау” сынды түрлі бағыттағы үйірмелермен және ”Юнисет” білім беру ХАБ-ымен таныстырды. Өз кезегінде Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл оқушылардың өнері мен шығармашылығына тәнті болып, жас жеткіншектердің дамуына мүмкіндік беріп отырған ұжымға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бүгінде «Оқушылар сарайындағы» алпыстан астам үйірмеде 1600-ге жуық оқушы шеберліктерін шыңдап, түрлі республикалық, халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып келеді.