Шымкент жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Нұржан Кеңесұлы және «Парасат» колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық» пен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кері байланыс орнатылды.