Шымкент қаласында 8 наурызға орай көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек беріледі№
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкеc, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жыл сайын көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен мереке күндерге орай бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.
Бүгінде қалада көп балалы аналар саны – 57 488, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған – 11 673 анаға 17 250 теңгеден төленеді. Қаржылай көмек алтыдан жоғары бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады. Бір реттік әлеуметтік көмек 8 наурызға дейін беріледі.