Шымкент қаласында Ұлы жүздің биі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына орай, жастар арасында «Қазақтың Данагөй абызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шара Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты №2 бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында жастар Ұлы жүздің биі Төле бидің өмірбаяны және шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, ел арасында Төле биге қатысты тараған нақыл сөздер мен мақал мәтелдер, билік кесімдерімен де таныс болды. Іс-шара барысында Төле бидің даналық жырлары жатқа оқылды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.