Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелер шешімін табуда.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелер шешімін табуда. Еске салсақ, 24 ақпан күні өңір басшысы Сарыағаш ауданы тұрғындарымен жүздесіп, өтініштерді назарға алған болатын. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес талап-тілектер зерделеніп, бірқатары шешімін тауып жатыр.
Мәселен, Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекенінің тұрғыны электр желілері жүргізілмей қалған бір тұрғын үйдің мәселесін қарауды сұраған еді. Мәселенің түйіні шешіліп, «Оңтүстің Жарық Транзит» ЖШС тарапынан жаңадан электр бағанасы орнатылып, іске қосылды. Сонымен қатар кездесуде Сарыағаш қаласы, Ш.Гүлзары көшесіндегі №3 мекен-жайда орналасқан жатақхананың тұрғыны қиын жағдайы туралы айтқан болатын. Аудан әкімі жатақханаға арнайы барып, тұрғын үй комиссиясының көшпелі жиынын өткізді. Нәтижесінде, тұрғындармен келісімге келе отырып, аз қамтылған бір отбасы үш бөлмелі пәтерге қоныс аударды.
Халықпен кездесуде көтерілген мәселелер облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес талданады. Басым бөлігі – жергілікті инфрақұрылым мен жаңа нысандарға байланысты. Өтініштер мен ұсыныстар бойынша жұмыстар жалғасады.