Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданындағы елдімекендер толық сапалы ауыз сумен қамтылады.
Жаңадан құрылған Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды. Жалпы аумағы 36,3 мың га, халық саны 220,7 мың. Ауданға 21 елдімекен мен тұрғын алабы және орталық аумақтар кіреді.
Ауданда ауыз су жүйесі толық шешімін таппаған Құрсай елдімекені. Жергілікті тұрғындар тіршілік нәрін кестемен тұтынады. Енді бұл мәселе биыл түбегейлі шешіледі. Былтырғы жылы басталған су жүйелерінің құрылысы қазіргі уақытта толық аяқталды. Бүгінде бұл аумақта құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс толық аяқталғанда елдімекенге ауыз су үздіксіз беріле бастайды.