Шымкентте судың кедергісіз ағып өтетін жолдары тазартылуда.
Қазіргі таңда жауын шашын мөлшерінің мол болуына байланысты Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты су алу қаупі бар деп танылатын аймақ Республика даңғылының бойымен өтетін «Қошқар ата», «Қарасу» өзендеріне тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған өзендерді тұрмыстық қалдықтардан тазарту барысында Республика көшесіндегі өтпелі көпірдің алдынан 30 куб қоқыс шығарылды. Аталған жұмыстарға А-ІІІ GROUP мердігер мекемесінен 2 техника, 10 жұмысшы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда аймақтарда орын алып жатқан төтенше жағдайларға байланысты басқарма басшысы мен су арналарына жауапты мамандар басқармаға қарасты қала аумағындағы өзендер мен су арналарын қатаң бақылауда ұстап, судың кедергісіз ағып өту жолдарын тазартып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.