Шымкентте 13-26 ақпан аралығында тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өтінімдер қабылдау жүргізілуде.
Пәтерлер қаладағы Арғынбеков көшесіндегі 9 қабатты №1,№2,№3, №4 тұрғын үйлерде орналасқан.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтармен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасының санаттарына жататын ерекше балаларды тәрбиелеуші отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылардың мүшелері өтінім бере алады.
Айта кетейік, өтінімді Otbasybank.kz. сайты арқылы беруге болады. Азаматтар Банктің интернет-ресурсынан немесе baspana market арқылы құрылыс нысанының сипаттамасын, ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін көріп, тиісті талаптермен таныса алады.