Шымкент қаласы Абай ауданындағы 27 елді мекеннің 21 елді мекені табиғи газбен қамтылған.
Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов брифинг барысында мәлімдеді.
Ал, қалған 6 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
2023 жылы Ынтымақ, Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ, Асар-2 елді мекендеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы 2 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады.
Айта кетейік, Аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26-ы сапалы ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 25 елді мекені мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр.