Шымкент қаласында өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді.
Қазіргі таңда 800-ден астам кәсіпорын белсенді жұмыс істейді. Оның ішінде 700-ге жуығы өңдеу өнеркәсібіне жатады. Бұл салада 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылғы қаңтар айында 70,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға артты. Бұл көрсеткіште Шымкент қаласы республикада 7 орынды иеленеді.
Өңдеу өнеркәсібінде 57,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өскен. Бұл бағытта мегаполис елімізде 8 орында тұр. 225 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы қалада тоқыма өнеркәсібін дамыту, отандық мақтаны тұтыну үлесін арттыру мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда аймақта 35 жоба іске асырылып, 2 жарым мыңнан астам тұрғын жұмыс істеуде. Аймақта өндірілетін өнімнің жартысына жуығы шетелдерге экспортталады.
Бүгінде қалада өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда 800-ден астам кәсіпорын белсенді жұмыс істейді. Оның ішінде 700-ге жуығы өңдеу өнеркәсібіне жатады. Бұл салада 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.