Түркістан облысындағы су нысандарына әуеден бақылау жасалынды.

Түркістан облысы аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сырдария өзені бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумағына аэровизуалды шолу жасады. Шолу барысында өзен бойына жақын орналасқан елдімекендер мен су нысандарының жай-күйін бақылады. Төтенше жағдай департаментінің басшыларымен кеңесіп, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын кезекті рет пысықтады.

«Ауа райының күрт жылынғаны сезіліп жатыр. Сондықтан су қоймаларының жай-күйі қатаң бақылауда болып, кезекшілік тұрақты атқарылуы керек. Өзендер мен көлдер, арық-атыздар қадағалау да болады», – деді Д. Сатыбалды.

Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардың деңгейі қалыпты жағдайда екені анықталды. Қазіргі таңда барлық су нысандарының жағдайы мен деңгейін бақылау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы комиссия құрылған. Өңір басшысы жауаптыларға су қоймаларының деңгейі қалыпты жағдайда болса да, қауіпсіздік іс-шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек өңір басшысы әуеден бақылау барысында «Көксарай» су ретегішіне барып, судың деңгейін тексерді. «Көксарай» су реттегішінен тасталып жатқан 600 м3 су кедергісіз өтуде. Қазіргі таңда ауа райының жылынуына байланысты сең бұзылып, төмен қарап еріп кетуде, жағдай қалыпты.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.