Дайындығы қысқа болған Олимпиада чемпионымыз Данияр Елеусінов чилилік Луис Норамбуэно есімді қарсыласынан айласын асырып, кәсіби рингте жетінші жеңісіне қол жеткізді. Д.Елеусінов 9 маусымда өтетін Головкиннің бокс кешінде өнер көрсетуі керек болатын.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек 26-шы мамырға қараған түні Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өткен болатын. Екі боксшы белгіленген алты раудты толық өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық көпішліктің шешімімен айқын жеңіске жетті. Екі төреші 60-54, ал біреуі – 59-55 ұпай берген.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.