Алматыдан Шымкентке FlyArystan лоукостерінің алғашқы рейсі ұшып та үлгерді. Алғашқы ұщақты әуежайда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алды.
– Еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы келген Питер Фостер мырзаға алғысымды айтам. Алғашқы рейстің сәтті қонуымен де баршаңызды құттықтаймын. Бұл – қала тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша жаңалықтардың бірі. Өйткені біздің қаламыз арқылы көршілес облыс пен Өзбекстан азаматтары ұшуға мүмкіндік бар. Ендігі шымкенттіктер мен қала қонақтар арзан бағамен Оңтүстік астанаға ұша алады. Әуекомпаниясының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, — деді, шаһар басшысы.
Жаңа бағытта елімізде енді 180 орынды заманауи «Airbus A320» әуе кемелері күнде қатынап тұрмақ. Айта кету керек, Алматыдан Шымкентке бірінші рейс адамдар толып келді. Біраз билеттер уақытынан бұрын ең минималды тарифпен (10 000 теңге) сатылып кеткен. «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер Шымкент еліміздің республикалық маңызға ие, мәдени мегаполистертің бірі екеніне тоқталып кетті.
– FlyArystan компаниясының көмегімен жолаушылар алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайды деген сенімдемін. Алдағы уақытта рейстер мен әуе бағыттары көбейеді, — деді Питер Фостер. Еліміздегі алғашқы бюджеттік әуекомпаниясының жұмысына сәттілік тілейміз. Бұл екі қаланың арасында қатынап жүрген халыққа үлкен жеңілдік болғаны сөзсіз.