Тараз қаласында Таеквандо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде.
Жарыста көршілес мемлекеттерден және еліміздің барлық өңірлерінен келген 800 спортшы бақ сынасуда.
Тараз қаласында Таеквандо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған А санаттағы халықаралық турнир өтуде. Жарыста көршілес мемлекеттерден және еліміздің барлық өңірлерінен келген 800 спортшы бақ сынасуда.
Халықаралық аламанда Сауран ауданы, Амангелді жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Боранбай Жаннұр алғашқы жүлдені еншілеп, ел мерейін үстем етті. Спортшы Қазақстан Республикасының Таеквандо (WT) федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған А санатындағы халықаралық турнирде жастар арасында 59 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді. Барлығы 18 аймақ пен көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген оғландар өзара шеберлік сынасқан турнир ақпанның соңында аяқталмақ.