Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Сирияның түрлі аймақтарында екі жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 2802-ге дейін өсті.
Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.
Айта кетейік, Сирияның түрлі аймақтарында екі жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 2802-ге дейін өсті. Зардап шеккендердің саны – 5 035. Бұған дейін Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді.Соңғы мәлімет бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты.