Түркістан облысында биыл 750 шақырымға жуық жол жөнделеді.
Түркістан облысында 2023 жылы 743,6 шақырымдық жол мен көшеге, сондай-ақ 6 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған бюджеттен 28,4 млрд.теңге бөлініп отыр.
Тарқата айтқанда, биыл облыстық маңызы бар 424,6 шақырым жол мен 2 көпір, аудандық маңызы бар 94,4 шақырым жол мен 3 көпір, сондай-ақ елдімекендердегі 220 көше мен 1 көпір жөндеуден өтеді.
Жалпы Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің ұзындығы — 17 487,8 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар 723,1 шақырым жолдың 94,8% — жақсы және қанағатты жағдайда, жергілікті маңызы бар 5 755,1 шақырым жолдың 89% — жақсы және қанағатты жағдайда, елдімекендердегі 11 009,6 шақырым жолдың 62% — жақсы және қанағатты жағдайда.