Дархан Сатыбалды ауыл-аймақты аралап, боран салдарын жою жұмыстарын қадағалады.

 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына арнайы барып, боран мен желдің салдарынан болған жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға, мамандарға жолдарды қардан тазалап, елді мекендердегі электр желілерін жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Тұрғындармен, ел ағаларымен кездесіп, қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндап берді.

«Облыс аумағында қалың қар мен жел және боран салдарынан бірнеше ауданда күрделі жағдай қалыптасқанын білесіздер. Бұл мәселе бақылауда тұр. Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті, электр қуатына жауапты «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің басшылығы мен мамандары келіп отыр. Елді мекендегі электр желілері жедел жөнделіп, елге электр қуаты беріледі», – деді Дархан Сатыбалды.

Ел ақсақалдары ауылдарға электр жарығын ертерек беріп, жұмысты жедел атқару жөнінде өтініштерін айтып, елдің қасынан табыла білген аймақ басшысына ризашылықтарын білдірді.

Қатты жел мен қарлы боранның салдарынан Созақ, Отырар, Қазығұрт, Сауран, Бәйдібек аудандарында электр желілері үзілген болатын. Бірқатар аймақта ол қалпына келтіріліп үлгерді, жұмыс әлі де жалғасуда. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан 37 бригада, 41 бірлік техника тартылған. Жұмыстарды жеделдету мақсатында қосымша бригадалар жасақталып жатыр.

Жаңа жыл басында Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеруінен таулы аймақтарда желдің екпіні 30м/с асып, қалың қар түскен болатын. Таулы аудандардағы республикалық маңызы бар жолдар жабылып, бірқатар елді мекенде электр желілері істен шықты. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынды. Облыстық әкімдікке қарасты құрылымдар, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, ішкі істер департаментінің өкілдері, «Оңтүстікжарық» энергетиктері, «Қазавтожол» техникалары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, 24/7 режимде жұмыс істеп жатыр.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.