Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жолдарды қалпына келтіру жұмыстары бойынша өткізген мәжілісте қаралды деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Мәжілісте қала аумағындағы жолдардың қазіргі ақуалы талқыланып, жөндеу жұмыстарының жоспары пысықталды.
Қала басшысы осыған дейін жауаптыларға жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасап, туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында тапсырма берген болатын. Талдау нәтижесінде анықталған тозығы жеткен 50 көшенің 20-сына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде магистраль жолдар мен ішкі орам көшелер де бар. Мониторинг тізіміндегі қалған жолдар алдағы жылдары кезең-кезеңмен жөнделетін болады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жол құрылысының сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы
2. №1 автомобиль жолы
3. Қазыбек би көшесі
4. Желтоқсан көшесі
5. Назарбеков көшесі
6. Аймауытов көшесі
7. Көшеров көшесі
8. Тыныбаев көшесі
9. Қабанбай батыр көшесі
10. Анаров көшесі
11. Жансүгіров көшесі
12. Абай даңғылы
13. Исмайлов көшесі
14. Алпысбаев көшесі
15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а
16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а
17. Орынбаев көшесі
[18. Шанин көшесі
19. Байтіленов көшесі
20. Үркімбаев көшесі
Жалпы қаламызда мұнан өзге Қонаев даңғылы жалғасын салудың 3-кезеңі, А-2 айналма жолын қайта құрудың 2-кезеңі және 4-кезеңі, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайырық құрылысының 1-кезеңі, Өтегенов көшесін жалғастыру құрылысының 1 және 2-кезегі, Адырбеков көшесін қайта құру, шығыс айналма жолы құрылысының 1-кезегі, Темірлан тасжолының бойында жолаушылар өткелін салу құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жол белгілері бойынша биыл 250 аялдама павильонын, қажеттілігі бар аймақтарға 15 бағдаршам орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, қала көшелеріне алпы 400 шақырым жол таңбасы сызылып, әлеуметтік мекемелердің алдына жалпы ұзындығы 800 метр жасанды жол кедергілерін орнату жоспарланғанын да атап өткен жөн.