Енді басқарушы компанияларға көппәтерлі үйге қатысты шешім қабылдау жеңілдей түсті.
Жаңа заңға сәйкес ол үшін пәтер иелері мен бос кеңістікті иеленіп отырғандардың 51%-ы қолдаса жеткілікті.
Жаңа нормада уақытша басқарушы компанияны тарту, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелерін жетілдіру, жауапты жергілікті атқарушы органға кондоминиум объектісін тіркеуге өтініш жіберу функциясын беру, тұрақ орны мен қойма иелерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту, сондай-ақ ауылды жерде, кентте тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетіктері бар.
Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысының тұрғын үй коммуалдық шарауашылығын реформалау жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы бойынша 124 мүлік иелері бірлестігі және 1699 жай серіктестіктер құрылған.
Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жөніндегі тетігін жақсарту мақсатында заң жобасы әзірленіп Сенат депутаттар палатасына ұсынылып, мақұлданды.
Ұсынылғын заң жобасында қарастырылған мәселелер олар:
— Қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер саны бойынша 30 пәтерге дейін шектеу көзделеді. Осыған байланысты басқарудың жаңа нысаны – тікелей бірлескен басқару ұсынылады. Бұл форма 16-ға дейінгі пәтерлері бар үйлер үшін жасалуы мүмкін».
— Сондай-ақ, Заңда жергілікті жерлердегі әкімдіктердің тұрғын үй инспекциясына тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын болмаған жағдайда, уақытша басқарушы компанияны бір жылға дейінгі мерзімге айқындауға мүмкіндік беру туралы норма енгізіледі.
— Бұдан басқа, құрылыс салушының басқарушы компанияны осы үйде кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандары құрылғанға дейін алты айға дейінгі мерзімге тартуға мүмкіндік беретін норма көзделеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйді салушының көппәтерлі тұрғын үйді тіркеген сәттен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын коммуналдық тұрғын үйге өтеусіз беруді қамтамасыз ету міндеті регламенттеледі меншік.
— Бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінің лифтін ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі. Бұл ретте пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің бюджет қаражатын қайтаруы көзделеді.
— Сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке иеліктен шығаруға тыйым салынды.ш
Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығына қатысты өзгерістерді арнайы сайттан ақпарат алуға болады.