Бұл қырмызы гүлге арқау болған аңыз да көп, тарихы да тым тереңде. Расында, қызғалдақ қандай гүл? Оны шым шаһармен не байланыстырады? Қызғалдақтың отаны қай ел?
Қызғалдақтың көктеуі көктемнің жаршысындай. Ол көктемді қарсы алып, жазды шығарып салатын әсем гүл. 3 см ден 60 см дейін өсетін бұл гүл бар болғаны 15 күнге ғана гүл ашып тұрады екен.
Әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Оның 34 түрі елімізде өседі. Сондықтан «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» саналады. Ал ғалымдардың айтуынша қызғалдақтың пиязшығы Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстаннан Түркияға, одан әрі Голландияға кеткен көрінеді.
Сакураның гүлдегенін көру үшін туристер Жапонияға ағылады. Біздің елімізде де көктемгі қызғалдақты қызықтау үшін өзге өңірден ғана емес шет елдерден де туристер келіп, тамашалауда.
Сұлулық символы, әсемдік үлгісі – қызғалдақ пен Шымқала егіз ұғым. Мегаполис осынау нәзік гүлді өзінің логотипі ретінде таңдап алған. Сондықтан ішкі және сыртқы туризмін дамыту барысында негізгі бренд ретінде қолданылып келеді.
Көзге де, көңілге де ыстық қызғалдақ «Қызғалдақты қаланың» Дендросаябағының қақ ортасында әдемі мүсінге айналған «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» инсталяциясы көрерменнің көзайымына айналды.
Композицияның идеясы қазақ дүниетанымымен яғни табиғат пен адамның тұтастығымен тығыз байланысты.
Осы орайда айта кететін жайт мегаполистің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсті. Сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 млн данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды. Голланд қызғалдақтары әр ауданға орташа есеппен 200 мың данадан егілді.
Биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 млн данаға жеткізу жоспары бар.