Биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ /1-2 кезең/, Бозарық /74 га/ Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады.
Қазір халық саны 11 мыңнан астам Асар-2 шағынауданын газдандыру жұмыстары 70% аяқталды. Ұзындығы 24,1 шақырым газ құбырының құрылысы толық аяқталғанда мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылады.
Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме анықталды. Жоспарға сәйкес 2024 жылы қамту көрсеткіші ауданда 100 пайызға жетеді.
2022 жылы мегаполистегі 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген болса, 3 елді мекен Құрсай, Қайнарбұлақ, Сайрам қамтылмаған болатын.
Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, өткен жылы 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын.
Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Сайрам 1 кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары.
Сонымен қатар, Құрсай шағын ауданының және Қайнарбұлақ тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, 2022 жылы 6 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 98%-дан — 98,5%-ға дейін өсті.
2023 жылдың жоспарына сәйкес, Құрсай, Қайнарбұлақ және Сайрам елді мекендеріне биыл толығымен сапалы ауыз су беріліп, қаладағы елді мекендер 100 % сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.