28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай 2019 жылдың 14-16 маусым күндері Түркістан облысы және Шымкент қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында достық пен əріптестікті ту еткен дәстүрлі Спартакиада ойындары өтеді.
Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестер арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынастарды нығайту. Бұқаралық спортты дамыту. БАҚ саласы қызметкерлерінің биыл да жасыл алаңда доп теуіп, зияткерліктерін, білек күштерінің әлеуетін танытып, достықтың жарасқан үлгісін көрсететін сәт те жақындады.
Спартакиаданы 9 спорт түрі бойынша өткізу жоспарланып отыр. Тәртіп қатал. Ойындар бағдарламасындағы спорт түрлері бойынша жарыстарға бұқаралық ақпарат құралдары мекемелерінің басшылары бекіткен тапсырыс парағы (дәрігер визасы міндетті түрде) арқылы қатыстырылады.
СПАРТАКИАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ 14 МАУСЫМ КҮНІ САҒАТ 11:00-ДЕ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ӨТЕДІ.
Спартакиаданы Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдары ұйымдастырады. Спорт сайысына Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы, Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетуде.
СПАРТАКИАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ 16 МАУСЫМ САҒАТ 14:00-ДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАЖЫМҰҚАН АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ «АЛАМАН» ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА ӨТЕДІ.
СПАРТАКИАДАНЫ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАСЫ: Спартакиадаға ресми орындарға тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының командалары қатысады. Сырттан спортшы шақырған командалар жарысқа жіберілмейді. Егер ойын барысында анықталса, ереже бұзған командаға жеңіліс жазылады. Алдын ала жіберілген тізімдегі ойыншылардың ғана қатысуын ұйымдастыру алқасының мүшелері қатаң бақылайды. Құжаттары тексеріледі. Жарысқа қатысатын командалардың бірыңғай спорттық формасы болуы тиіс.
ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ: Спартакиадаға қатысу жөніндегі өтініштер 2019 жылғы 12 маусым күні 18:00-ге дейін қабылданады. Жарна мөлшері — 25 мың теңге. Өтініштерді «Шымкент келбеті» газетінің shymkent_media@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады. Немесе тікелей редакцияға жеткізуге де мүмкіндік бар. Өзге де сұрақтар бойынша Ұйымдастыру алқасына хабарласуға болады.
Спартакиадада шеберлігімен дараланып, бірінші, екінші және үшінші орын алған командалар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Әр түрлі аталым бойынша да сыйлықтар бар. Спартакиада барысында қатысушы команда мүшелері мен оның жанкүйерлерінен тазалық пен тәртіпті сақтау — қатаң түрде талап етіледі.
Ұйымдастыру алқасы:
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ:
А. ҚАПБАРОВА, Тел: 46-40-64
С. ТАСТАНБЕК, 8-747-322-93-24, Т. ҚАСЫМОВ, 8 707 471 43 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ:
Ғ. ЕЛШІБАЙ, 8-702-608-91-98
Ғ. САПАРБЕКОВ, 8-707-159-20-61, А. ЕСЕНБЕК, 8-707-646-09-22