Құрылысы күннен-күнге қызып келе жатқан киелеі Түркістан қаламызда салқындатқыш шатырлармен көркейтілмек. Түркістанда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен жаңа «I-shatyr» (Intelligent shatyr) жобасы жүзеге асырылатын болды.
«I-shatyr»-дың конструкциясына тоқталатын болсақ, биіктігі 12 метрді құрайтын, шатырдың формасы – тіктөртбұрыш, ашылған кездегі өлшемі – 10х10 метрді құрайды. Күндіз ыстық уақытта Кесенеге келетін адамдарға максималды түрде қолайлы жағдай жасау үшін шатыр жүйесі қосымша вентилятор және су шашатын жүйесімен жабдықталады.
Көлеңкесін салқындатып тұратын шатырлар Сауд Арабия Мадина қаласында алғаш рет орнатылған екен.