Бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мамандарымен бірлесе аудан аумағындағы орналасқан кәсіпкерлік нысандардың атауларын, жарнамалық ақпараттардың грамматикалық, орфографиялық, стилистикалық қателерін түзету және тағы басқа сыртқы көрнекі ақпараттарды Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабында көрсетілген талаптарына сәйкес тиісті ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Бланк, маңдайша, хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға көрсеткіші басқада көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылады.
Бұл дегеніміз:
1. Көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде яғни 2 тілде жазылуға міндетті. Тек орыс тілінде ғана жазу заң бұзушылыққа жатады.
2. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.