Бүгін Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы мамандары және шаруа қожалықтардың төрағалары бас қосып, инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу мақсатында арнайы жиын өткізді. Мәселен, бау-бақша дақылдарымен бірге салат көкөністерін егу адам азғасы үшін пайдалы, әрі нарықта жиі сұранысқа ие. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігінде отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің ең озық сорттарын конвейерлік технологиямен қалай өсіруге болатыны талқыланды.
Салат көкөнісінің сорттары, соның ішінде райхангүл, салат жапырағы, брокколи қырыққабаты, ақжелкен, руккола, аскөк, жасыл пиязды ашық далада өсіру ауыл шаруашылығының көкөніс кластерін әртараптандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде халық сапалы өніммен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жасыл көкөністерді өсірудің конвейерлік технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді
Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылар мен мамандары, шаруа қожалығының дихандары семинар-жиын барысында тәжірибе үшін ризашылығын білдіріп, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі