Шаңырақты болғысы келетіндер үшін өтінімдер қабылданады.Мемлекеттік бағдарлама «Шаңырақ» бағыты бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі . Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23 мамырдан бастап сағат 10:00-ден 31 мамыр күні 19:00-ге аралығында жүргізіледі. Конкурстық пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер болып табылады.
Шаңырақ бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік беріліп отыр. Сонымен қатар аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінімдерді жолдай алады.
Конкурстық іріктеу мерзімі Отбасы банкпен жүргізілетін төлемқабілеттілігін бағалау брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.
Айта кету керек, Бақытты отбасы бағыты бойынша келесі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарда өтінім бере алады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтінішті беру банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі