Жаңа форматтағы 3D жол сызығы Т.Айбергенов көшесінде пайда болды. Өзгеше жүргіншілер жолын салуға бастамашы болған «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Басқарма Төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден көрген.
«Шымкентте — жол қозғалысы өте қарқынды. Бұл жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп ойлаймын. Мұндай тәжірибелер батыста көлік апатының санын қысқартқан», — деді Рашид Абатоллаұлы.
«Он Инфо»