Келесі жылы да журналистер арасында мықтылардың қатары бұйытса толықпақ. БАҚ-арасындағы кезекті спартакиада өз мәресін жетті. Алғаш рет Түркістан төрінен басталған биылғы жарыс Шымкент қаласында қорытындылады. Спартакиадаға жалпы 15-ке жуық журналистер командасы қатысты.

«Оңтүстік» – «Ернияз» волейбол. Жартылай финал.

Спартакиаданың алғашқы күні, Түркістан қаласына көптеп келген журналистер: волейбол, жүзу, шахмат сайыстарынан бақтарын сынады. Келесі күні Шымкент қаласында стол теннисі, жүгіру, тоғызқұмалақ ойындарымен жалғастырып, жексенбі күні шағын футболдан мықтыны анықтады. Ерлер – 12, әйелдер – 5 команда қатысты. 

Шымкент қаласының және Түркістан облысының БАҚ өкілдері достықтың жарқын үлгісін көрсетті, деп жазады тілшіміз Тагабай Касымов.

Дәстүрлі спорт сайысына биыл Арыс, Түркістан қаласы, Созақ ауданының командалары да қатысып, жүлделі орындардан көрініп те үлгерді.

Тасқағар қорғаушылар
«Ернияз» финалда! 2:1

Салтанатты шарада Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова сөз сөйлеп, әріптестерге жүлделерді табыс етті.

Сонымен, үш күнге созылған жарыстың жеңімпаз командалар:

Жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 1 күміс, 3 қола иеленген Оңтүстік телеарнасы үздік шықты. Ернұр корпорациясы екінші орынға (4 алтын, 1 күміс, 1 қола) жайғасса, үздік үштікті Рейтинг-Собкор командасы (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) түйіндеді.

Бәсекеде бағы жанғандар дипломдармен, кубоктармен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Волейбол.

1. Рейтинг-Собкор
2. Ернияз медиа групп
3. Оңтүстік телеарнасы
3. Ернұр корпорациясы

Жүзу. Ерлер.

1. Б. Иманбаев (Рейтинг-Собкор)
2. К. Гавшев (Отырар арнасы)
3. М. Кузнецов (Южный Казахстан газеті)

Жүзу. Әйелдер.

1. С. Презенцова (Ернұр корпорациясы)
2. А. Сүлеева ( Рейтинг-Собкор)
3. Н. Ниязметова (Южный Казахстан)

Арқан тарту.

1. Оңтүстік телеарнасы
2. Түркістан БАҚ
3. Рейтинг-Собкор

Шахмат. Ерлер.

1. Ж. Үтебаев (Ернұр корпорациясы)
2. Б. Түйетаев (Рейтинг-Собкор)
3. М. Рашев (Үштаған)

Шахмат. Әйелдер.

1. М. Мейірбекова (Оңтүстік телеарнасы)
2. А. Ақбаева (Рейтинг-Собкор)
3. М. Сапарова (Жанубий Қозоғистон)

Тоғызқұмалақ. Ерлер.

1. Ө. Жолдасбеков («Оңтүстік» телеарнасы)
2. Ғ. Сапарбеков (Түркістан АТО)
3. С. Оразалиев («Жебе» баспасы)

Тоғызқұмалақ. Әйелдер.

1. Г. Оңласбек («Оңтүстік» телернасы)
2. Ұ. Тоқсанбаева («Оңтүстік» телеарнасы)
3. Н. Алиякбарова («Жебе» баспасы)

Жеңіл атлетика.

1. Ернұр корпорациясы
2. Түркістан АТО
3. Рейтинг-Собкор.

Үстел теннисі. Ерлер.

1. А. Әссанди (Рейтинг-Собкор)
2. С. Ибрагимов (Ернұр корпорациясы)
3. Х. Қочқаров (Жанубий Қозоғистон)

Үстел теннисі. Әйелдер.

1. М. Фархатова (Жанубий Қозоғистон)
2. Ф. Табылдиева (Түркістан АТО)
3. А. Ташева ( Оңтүстік телеарнасы)

Шағын футбол. Ерлер.

1. Арыс баспасөз орталығы
2. Түркістан АТО
3. Рейтинг-Собкор

Шағын футбол. Әйелдер.

1. Ернұр корпорациясы
2. Рейтинг-Собкор
3. Оңтүстік телеарнасы

Жалпы командалық есеп:

1. Оңтүстік телеарнасы
2. Ернұр корпорациясы
3. Рейтинг-Собкор

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.