Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттардың барлығына толықтай сәйкес тұрақты түрде атқарылып келе жатыр.
Бүгінгі күнге дейін қаладағы 87 мектептің алдында жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылған болатын.
Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылады.
Шымкент қаласында бүгінгі күні 270 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылған. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 120 шақырымы акрильді бояумен сызылды деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен 450 шақырым жол таңбалары сызылған болатын.
Жол таңбалары сызылған көшелер тізімі:
Пластика:
1. Бөгет көшесі
2. Исатай Тайманұлы көшесі
3. Шымсити ш/а 5 көше
4. Володарского көшесі
5. Ерманов көшесі
6. Сайрам көшесі
7. Мәделі қожа көшесі
8. Асанбай Асқаров көшесі
9. Н.Малқаров көшесі
10. Рашидов көшесі
11. Нәзір Төреқұлов көшесі
12. Мәншүк Мәметова көшесі
13. Тәуке хан көшесі
14. Жұмабай Шаяхметов көшесі
15. Түркістан көшесі
16. Жұмабек Тәшенов көшесі
Акрильді бояумен:
1. Бақбаев көшесі
2. Қуаныш Төлеметов көшесі
3. Жібек жолы көшесі
4. Ынтымақ шағынауданы (Барыс базарының маңы)
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.